«Егеменнің» Ақтөбедегі тілші қосынына Әділет министрлігіне қарасты Ақтөбе облысының нотариаттық палатасының Мұқтар Қасымов, Айбас Орынбасарұлы, Асқар Алланияз және Баян Есмағамбетова секілді мүшелері келді. Олардың айтуынша, өңірдегі нотариаттық палатаның төрағасы Жорахан Рысқұлов палатаның Жарғысы мен ішкі тәртібін белден басып, өзіне 315 мың теңге жалақы тағайындаған. Бұған қоса «Егеменге» келгендер Т.Рысқұлов палатаның бюджет қаржысын 6 миллион 647 мың 343 теңгеге артық жұмсаған деген мәлімдеме жасады.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЖоғарыдағы аты-жөндері аталған палата мүшелері Ж.Е.Рысқұловтың бұл әрекеті заңға қайшы деп есептейді. Өйткені шағым иелерінің тұжырымдауынша, нотариустардың жалдама қызметкер ретінде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ. Осындай өздері атап көрсеткен жайттарды негізге ала отырып, олар өңірдегі әділет, ішкі істер департаменттеріне және облыс прокуроры атына хат жолдапты. Тіпті бұл мәселе жөнінде Әділет министрлігін де хабардар етіпті. Бұған байланысты әділет органдары заң бұзушылық жоқ деп тапса, құқық қорғау құрылымдары бұл мәселе біздің құзырымызға кірмейді деп шешті, – дейді шағыммен келгендер.
Бұған не деуге болады? Арыз иелерінің өтініш-тілектеріне байланысты жүргізілген журналистік тексерулер барысында облыстағы нотариаттық палата 173 нотариустың басын біріктіріп отырғанын білдік. Сондай-ақ аталған құрылым негізінен сол нотариустардың әрқайсысының ай сайын он мың теңге көлемінде төлейтін жарнасы есебінен іс-қимыл танытып отырғанын анықтадық. Сонымен бірге Ақтөбе облысының нотариаттық палатасының төрағасы Жорахан Рысқұлов пен атқарушы директор Артем Коняхинге де жолығып, түйткіл туғызған тұстарға объективті көзқарас тұрғысынан келуге тырыстық.
Осы арада көңілге түйген басты бір жайт, «Нотариаттар туралы» Заңға сәйкес ел өңірлеріндегі барлық нотариаттық палаталардың төрағалары белгілі мерзім аралығында сайланып қойылатыны. Заңның осы талаптарына орай Ақтөбе облысы нотариаттық палатасының төрағасы Жорахан Рысқұловты аталған палатаның мүшелері жалпы жиналыстың шешімі бойынша 2010 жылы төраға етіп сайлапты. Өңір нотариустары 2014 жылы оған тағы да сенім білдіріп, қайта сайлаған. Ол алдағы 2019 жылдың қаңтар айында өткізілетін өңірлік палатаның жалпы жиналысында қайтадан сайлана ма, жоқ па – бұл сауалдың жауабы алдағы уақытқа және палата мүшелерінің жалпы жиналыс қорытындысының ұйғарымы мен шешіміне сәйкес берілмек.
Біз палата төрағасы Жорахан Рысқұлов пен атқарушы хатшы Артем Коняхинге: төрағаға 315 мың теңге көлеміндегі жалақы тағайындалуы және 6 647 343 теңге қомақты соманың артық жұмсалуы жөнінде «Егеменге» шағым түсірген нотариустардың пікіріне байланысты не дейсіздер деген сауалды көлденең тарттық.
– Палата төрағасы палата қаржысын өз бетінше жеке-дара еш уақытта жұмсай алмайды. Егер палатаның ішкі қызметі мен мұқтажына сәйкес белгілі бір деңгейде қаржы жұмсау қажет болған жағдайда бұл мәселе басқарма алқасында және палата мүшелерінің жалпы жиналысында өзара ақылдасып, кеңесе отырып шешіледі. Палата бюджеті мен оның есеп-қисап жұмыстарына қатысты мәселелер жөнінде де осылай деуге болады. Оны ешкім құпия түрде пайдалана алмайды. Есеп-қисап жұмыстарымен танысып, оның қалай жұмсалып жүргеніне көз жеткізуге кез келген нотариус құқылы. Бұған ешқандай кедергі жоқ, – десті палатаның басы-қасындағылар. Бұл арада олардың айтқан тұжырымдарының әділеттігі мен анық-қанығын өздерінің ар-ождандарына жүктегенді жөн көреміз. Рас, бұл арада журналистік зерттеулер мүддесіне сәйкес палата қаржысы қалай жұмсалып жүргенін білмекке де талпыныс жасағанбыз. Әйтсе де атқарушы директор Артем Коняхин тарапынан: бұл палатаның өзіндік ішкі жұмысы. Қаржылық мәселе өзге сыртқы көздерсіз шешілетін палата мүшелерінің тікелей өздерінің құзырындағы іс. Осы тұрғыдан келгенде сірә, палатаның бюджеттік қаражатының шығындарын тексеруге сіздің өкілеттігіңіз бола қоймайтын шығар, деген жауап алдық.
Тоқетерін айтқанда, қалай дегенде де Ақтөбе облысының нотариаттық палатасы мүшелерінің арасында бұған дейін сүттей ұйып келген ауызбіршілікке сызат пен жік түскенін түйсінгендей күйді бастан кешкендейміз. Әйтпесе палатаның кейбір мүшелері жан-жаққа әрі жоғарғы құзырлы органдарға арыз-шағымдар жолдар ма еді? Аз болсын, көп болсын, нотариустар арасында туындаған наразылықты палата жетекшілері: саусақпен санап алуға да келмейтін әріптестердің арыз-шағымы барлық ұжым мүшелерінің ой-пікірі болып табылмайды деуі қаншалықты қисынды?
Оның үстіне палата жетекшілері және бүгінгі материалымыздың басында аты-жөндері аталған палата мүшелері екі жақ болып бірін-бірі сотқа сүйрелеп жатса, палатаның ішіндегі моральдық-психологиялық ахуал қалыпты, орнықты, жүйелі әрі тұрақты деп айта алар ма екенбіз? Бүгінгі материалдың нүктесін осындай түйінмен қойғанды жөн көреміз.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ