Он деген сан осы әулет үшін құдды тағдырлы сан дерсің! Дүниеге 10 бірдей ұл әкеліп, оның жетеуіне қалыңдықты өздері таңдап әперген бұл отбасының өнегесі басқа. Өз отбасында үлкен әкелік саясат жүргізген Шадыхан ағамыздың ойланып жасаған әрбір қарекеті бүгінде бүкіл әулетінің алдынан шығып отыр. Тәрбиелі жерден шыққан 9 келіні үйіне құт болып кіріп, ұрпағын көбейтіп жатқан жайы бар. Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба да солай бұрылмай ма?! Ата-ананың батасымен көгеріп, көбейіп отырған ағаларын көрген інілері де осы үрдіске ілескеніне өкінген жерлері жоқ.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьСонымен бұл әулеттің әфсанасы төмендегідей.
– Біз он ұл болып дүниеге келдік. Тек әкеміздің ең жақсы көретін бір ұлы ғана жол апатынан қайтыс болып кетті. Қалған тоғызымыз да қазір үйлі-жайлы болдық. Жетеуіміз әке-шешеміздің ұнатқан қыздарына үйлендік. Екі бауырымыз ғана өздерінің таңдауымен үйленді, – дейді алтыншы ұл Бағдат.
Қазақта «Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болады» деген сөз бар. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы қазіргі Шақпақ ауылында он ұл тауып, оның тоғызын – тоғыз отауға айналдырған ата-ананың тұғыры одан да биік екендігіне ешкім де таласа қоймас. Және бұл әулеттің артықшылығы – топырлаған ұлдарында ғана емес, ата-бабалардың үзілген үрдісін қайта жалғауында. Сыйластыққа құрылған отбасылық саясатта екенін кім жоққа шығарсын?!
Мына қызықты қараңыз, бұл шаңырақтың иесі Шадыхан ағамыздың өзі де 10 ұл сыйлаған жары Жұпаркүлді 10 күн ғана танып, тағдырын қосақтаған.
«Құдаша» деп өмір бойы қалжыңдасып өткен келіншегін нағашысының ауылына барып жүргенде сыртынан көріп жүреді де, реті келгенде танысып, үйленеді. Күлімкөз биязы бойжеткен шынында да Шадыхан ағамызға бақ болып жолығады.
– Шүкір, бәріміз де бақыттымыз! – дейді ұлдар. – Қазір анамыз Жұпаркүл 9 ұл, 9 келін, 30 немересі 1 жиен шөбересінің ортасында шалқып өмір сүріп отыр. Жуырда тағы бір немересі іңгәлап шаңырағымызға қосылады деп жақсылық күтіп жүрген жайымыз бар.
– Ең бірінші болып екінші ағамыз Самат үйленді. Саматқа әкеміз 4 қызды сыртынан көрсетіп, солардың ішінен бауырымыз осы жеңгемізді ұнатыпты. Бір қызығы, жеңгемізді таңдайды да, қызды достарымен ауылға баратын машинаға салып жіберіп, өзі артынан автобуспен келеді. Өзі көлікке сыймай қалған ғой, – деп күледі бауырлары.
– Мені де әкем қыз көрсетеміз деп 2006 жылы 10 желтоқсан күні Алматыда жүрген жерімнен шақырып алды. Әке-шешемнің көңілінен шыққан болашақ жарым маған ұнады. Менің келісімімді алған бойда әке-шешем бірден тойдың қамына кірісіп кетті. 16 желтоқсан күні қызға сырға тағып, 22 күні тойымызды белгіледі. Біз де бар-жоғы екі аптада үйлендік, – дейді Бағдат.
Сонымен Шадыхан ағамыз бен Жұпаркүл апамыздың ұлдары Мұхамеджан, Самат, Болат, Қанат, Бағдат, Әділхан және Қалдыбегі әке-шешелерінің айттырумен үйленеді. «Өз еркімен» үйленгендер – Марат пен Ержүрек. Әрине, бұлар да бақытты.
– Ешқандай ата-ана баласына жаман қыз алып бермейді. Өмір көрген, ақыл тоқтатқан үлкендер босаға аттағалы тұрған, сол әулеттің ұрпағын жалғайтын қызға алып-ұшқан соқыр сезіммен емес, ақылдың көзімен қарайды. Таңдау таразысына салады. Қыздың тәрбиесіне, шыққан тегіне қарайды. Сырттай мінез-құлқын сұрастырып жүреді. Сондықтан жар таңдауда жаңылысқан жеріміз жоқ, – дейді Шадыхан ағамыздың ұлдары.
– Анамыз да ажарлы, ашулана бермейтін, асықпай ақылмен сөйлейтін адам. Ешқашан бізге даусын да, қолын да көтерген емес. Өз шаңырағымызда жүргенде, бала күнімізде ешқайсымыз шешемізге қызының жоқтығын білдірген емеспіз. Сиырын сауысып, нанды да жауып, үйді жинастырып беретінбіз. Қолғанат болып өстік.
– Ал әкеміз ақкөңіл, көпшіл адам еді. Той-думанды жақсы көретін. Өте әзілкеш болды. Қандай мереке болса да бүкіл құда-жегжаттарына біртіндеп хабарласып, ерінбей құттықтап шығатын. Оны туысқандарымыз әлі де жыр қылып айтып жүреді. Араласатын дос-жарандары көп болатын. Ол кісі епті құрылысшы, жақсы ұста болды. Балаларының барлығына болмаса да жартысынан көбіне осы қабілеті жұқты. Бәрінің қолынан іс келеді. Біреуге үй салу керек болса, жабылып жүріп тездетіп салып тастайтынбыз.
Кеңес өкіметі кезінде шопандардың үйін салды. Тынбай еңбектенгенінің арқасында ауылда бірінші болып сол кезде екінің бірінің қолы жете бермейтін «Жигули» автокөлігін мінді. Колхоздың алдыңғы қатарлы еңбеккері ретінде Бурабай, Алматы санаторийлеріне жолдама алып, саяхаттап жүруші еді. 2015 жылы желтоқсанда өмірден озды.
Ылғи шешемізді «Құдаша» деп отыратын. «Құдашамен ойласып көрейін», «Құдашам не дер екен?» деп қалжыңға сүйесе де анамыздың атын атамай, ақылдасып отыратын, – дейді ұлдары.
Осылайша ата-ананың ақ батасымен отау құрған тоғыз ұл еліміздің түкпір-түкпірінде адал жолмен ас ішіп, бір-бір сауапты кәсіппен айналысып, өнер, темір жол, метро, энергия, құрылыс салаларына кәсіби тұрғыда қызмет етіп жүр.
Тоғыз ұлы үйіне тоғыз тәрбиелі қызды жетектеп әкелген Жұпаркүл апамыздың әр сөзі шүкіршілікке толы. Көргенді жерден қыздар айттырған Шадыхан ағамыздың екі дүниеде де есебі түгел. Түйсігімен таңдаған келіндері көзі тірісінде алдынан қия кесіп өткен жоқ.
Әкенің ұлдарына қатысты осынау отбасылық саясаты шаңырақтың ауызбіршілігінде, тәрбиесі мен татулығында салтанат құрып тұр.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Суретте: 10 ұл тапқан Жұпаркүл Керімбекова; Шадыхан Сүлейменов ұлдарының ортасында.