• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2018

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің отырысы өтті

717 рет
көрсетілді

Алматыда еліміздің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиынға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері қатысып, аталған алты мемлекет үшін маңызды саналатын ортақ мәселелерді талқылады. 

Ұйымға мүше елдерді алаң­датқан заңсыз көші-қон, есірткі айналымымен күрес, ақпараттық және кибер­қыл­мыстарға қарсы іс-қимыл түр­лерін бірлесе жетілдіру сынды тақырыптар басқосудың негізгі өзегіне айналды. Одан бөлек ұйым шеңберінде коалициялық және өңірлік негіздегі топтасуларды, бітімгершілік күштерді, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің әскери дайындығын дамыту тетіктері де жан-жақты талқыланды. Қатысу­шылар тарапынан өзара ынтымақтастықты артты­рып, жалпыға ортақ жұмыстар­ды күш біріктіре отырып еңсеру­дің тиімді жолын таңдау тұр­ғы­сында бірқатар ұсыныстар да айтылмай қалған жоқ. Жаһан жұртшылығын алаңдатып отырған Сирия, Ауғанстан жағ­дай­ларына қатысты ой-пікірлер ортаға тасталып, ғаламдық тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауда еліміздің ұстанып отыр­ған саясаты көп мемлекеттер­ге жарқын үлгі екені сөз болды.

«Қазақстан қай кезде де халық­аралық қауіпсіздік пен тұрақ­тылықты қамтамасыз етуге зор мән береді. Өйткені бұл тек Ор­талық Азия өңірі үшін емес, дүниежүзілік қоғам­дас­тық үшін өзекті мәселе Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен Қазақстан –әлем­дегі ядролық қару­дан өз еркі­мен бас тартқан ал­ғашқы мемлекет. Бүгін біз өңірлік қауіпсіздікті күшейту, ұжымдық тұрақтылықты дамыту бойынша бірнеше маңызды мәселені бірлесе талқылып, ортақ шешім­дерге келдік. Бұл шешім­дер мем­ле­кет­тердің аумақтық тұтас­­тығы мен егемендігін қор­ғау­ға зор ықпал етеді деп есеп­тей­мін», деді Қазақстанның Сырт­­қы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын мәлімдеген Қ.Әбдірахманов, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сенімді серіктестік бұл бағыттағы ортақ проблемаларды оңтайлы шешуге оң ықпалын тигізетінін жеткізді.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ