• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2018

Көптен күткен қуаныш

465 рет
көрсетілді

«Астана-Көкшетау-Во­лодар» бағыты бойын­ша жеткен жүрдек электр пойы­зын Айыртау ауда­нының тұрғындары үлкен қуа­нышпен қарсы алды.

Аудан әкімі Бейбіт Исманов жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде жаңа бағыт Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің қолдауымен ашылғанын жеткізді.

Бұл– елорда мен ауданды тікелей жалғастыратын алғаш­қы электр пойызы. Өңірде Шал­қар, Имантау секілді тамаша демалыс орындары, Қарасай және Ағынтай батырлардың ме­мо­риалдық кешені, Айғаным қонысы, Шоқанның музейі орна­ласқан. Демек ішкі туризмді нығайтудағы маңызды қадам болары сөзсіз, деді ол.

«Володар» стансасының басшысы Алмас Кенжекеевтің айтуын­ша, Павлодар, Қостанай, Қара­ғанды жақтарға баратын пойыздар станса бекетін басып өтеді. Ал электр пойызы аптасына екі рет қатынайды. Жүр­гіншілер көбейген жағдайда 376 орынды 6 вагонның саны арттырылатын болады. Екі аралықты 5 сағат 35 минутта жүріп өтеді. Билет құны 1504-1943 теңге ара­лығында. Вагон­дар өте жайлы, кондицио­нер, жұмсақ орын­дық­тар, бейнебақылау қойылған. 

– Мен Саумалкөлде тұрамын. Көкшетауға жету үшін таксиге 2 мың теңге төлейтінмін. Енді электр пойызбен жетсем, бағасы бар-жоғы 700 теңге ғана, – дейді алғашқы жолаушылардың бірі Илья Лазоркин. 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы,

Айыртау ауданы