• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Тамыз, 2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

351 рет
көрсетілді

Қазақстанға Ресейден бензин импорттауға салынған тыйым 26 тамызда күшіне енеді.

 

2018 жылдың 3 шілдесінде шыққан «Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Энергетика министрінің бұйрығы 2018 жылдың 16 тамызда ресми БАҚ-та жарияланған.

Құжатқа сәйкес, Ресейден Қазақстанға теміржол көлігі арқылы бензин тасымалдауға (код: ТН ВЭД 27101241 - 2710125900) үш ай мерзімге тыйым салынады. Аталған бұйрық ресми жарияланған сәттен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов мұндай тыйымды еліміздегі бензин көлемінің шектен тыс көптігімен түсіндірген.