• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Футбол 18 Қыркүйек, 2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

515 рет
көрсетілді

Футболдан УЕФА Еуропа лигасының топтық турниріндегі өзінің алғашқы ойынын «Астана» 20 қыркүйек күні Киевте жергілікті «Динамоға» қарсы өткізетіні белгілі.

Қазіргі кезде біздің футболшылар Украинаның астанасында өздерінің соңғы дайындықтарын пысықтауда. Киевке сапар шеккендер арасында елордалық клубтың мына ойыншылары бар: Қақпашылар – Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов. Қорғаушылар – Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Евгений Постников. Жартылай қорғаушылар – Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Бактиер Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Педро Энрике, Марин Томасов, Серікжан Мұжықов, Сұлтан Сағынаев. Шабуылшылар – Алексей Щеткин, Жуниор Кабананга, Рангело Янга, Роман Мұртазаев және Владислав Прокопенко.

Естеріңізге сала кетейік, «К» тобында өнер көрсететін «Астана» келесі кездесуін 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубына қарсы өткізеді. Одан кейін Чехияға аттанып, 25 қазанда жергілікті «Яблонецпен» күш сынасамыз. 8 қарашада чехтармен қайта кездесеміз. Бұл матч «Астана аренада» өтеді. 29 қарашада Киевтің «Динамосын» қабылдаймыз. Ал топтық турнирдегі ең соңғы бәсекені 13 желтоқсанда Францияда өткіземіз.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»