• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қазан, 2018

Алматыда үйінен шығып кеткен журналист келіншектің мәйіті табылды

514 рет
көрсетілді

Кеше қазақстандық журналист, продюсер Әйгерім Мұсаеваның жоғалып кеткені туралы ақпарат желіде тарады. Бүгін түнде журналистің жақындарына қаралы хабар келген.

Ә.Мұсаеваның жақындары оның жауапты келіншек екенін айта келе, сол күні тіпті телефонын да үйіне қалдырғанын ескертіп, дабыл қақты.

Екі баланың анасы жайлы кеше түнде хабар келіп, жақындарын мәйітханадағы мүрдені тануға шақырған. Әзірге журналистің неден қаза тапқаны белгісіз.

Әйгерім Мұсаеваның жақыны, қазір құзырлы органдардың осы іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.