• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 02 Қараша, 2018

Тұлпар Мансұров: 2018 жыл Қазақстан велоспортының толағай табыстарының жылы

485 рет
көрсетілді

Қазақстан велоспорт федерациясының бас хатшысы жыл қорытындысын шығарды. 

- 2018 жылы Қазақстан велоспортында бірқатар айтулы оқиғалар орын алды. Тас жолдағы велоспорттан бастасақ. Біздің құраманың биылғы жылғы нәтижелеріне қандай баға бересіз?

- Биылғы жыл біз үшін әсіресе, тас жолдағы велоспорт шабандоздары үшін сәтті өтті дегенмен толықтай келісемін. Маусым велесебедшілердің Азия чемпионатында жақсы өнер көрсетуімен басталды. Құрама екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Біз, Қазақстан, тас жолдағы велоспорттан Азия көшбасшысы екенін ылғи да айтып жүреміз. Құрамамыздың керемет өнер көрсетуі оны тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Алдымен Алексей Луценко жекелей уақытқа арналған жарыста жеңіске жетіп, құрлықтың ең жылдам шабандозы атанды. Ал одан кейін біздің жігіттер - Луценко, Бижігітов, Фоминых және Гидичтер топтық жарыста жеңімпаз атанды. Яғни, құрамамыз екі алтын жүлдеге ие болып, 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.

Күзде Инсбруктегі Әлем чемпионатында Алексей Луценко жекелей уақытқа арналғын жарыста 11-орынды иеленіп, абыройлы өнер көрсетті. Ал былтырғы жылы топтық жарыста 9-нәтиже көрсетіп, әлемнің үздік велесебедшілері қатарынан табыла алатынын көрсетті.

Маусыма яқталғанда қазақстандық велоспорт тағы бір маңызды нәтижемен толықты. Глеб Брусенский мен Евгений Федоров тарихта алғаш рет Жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль иеленіп, тамаша жетістікке қол жеткізді.

Біздің қазіргі таңдағы ең басты мақсатымыз – велоспортта алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан табылу.

- Ал кәсіпқой клубымыз «Астана» үшін маусым қалай өтті?

- «Astana» ProTeam үшін маусым жаман аяқталған жоқ. 62 мәрте тұғырдан көрініп, командалық есеп бойынша 8 мәрте жеңіске жетті. Сонымен қатар, Гранд-турлардағы; «ДжироД’Италия» мен «Тур де Франстағы» екі жеңіс тұғырынан табылғанын атап өту керек. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл әлдеқайда жемісті болды. Команданың менеджменті тарапынан айтар болсақ – Әлемдік турдың жұлдыздарына қарағанда жас таланттарға сенім арту – өте дұрыс, әрі орынды.

 - Трек велоспортының жағдайы қалай?

- Тас жолдағы велоспортқа қарағанда трек қиындау әрі аса қатты дами қоймаған. Трекшілер үшін маусым Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетумен басталды. Яғни таңдаулылар мен жасөспірімдер, жасөспірім қыздар жалпы саны 8 медаль иемденді. Спринтер-ерлер арасында да айтарлықтай жақсы нәтиже байқадық. Әлем кубогында кейриннен Павел Воржев 7-орынға ие болып, Әлем чемпионы Мэттью Глецерадан басым түсті.

Одан бөлек, биылғы жыл Андрей Чугайдың өнер көрсетуімен есте қалды. Ол Қазақстан құрамасының тарихында бірінші мәрте жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында спринттен медаль еншіледі. Андрей элита қатарына еніп, 2020-жылы болатын Олимпиада Ойындарына беретін жолдамаға талас жүргізуге дайындалуда.

Сонымен қатар, Азия Ойындары кезінде Артем Захаров та екі қола медаль еншіледі. Ол өзінің сүйікті жарысы омниумда және жекелей сындағы із қуу жарысында көзге түсті. Ал сол жарыста біздің шабандоздарымыз құрама команда ретінде төртінші орыннан көрінді.

Естеріңізге сала кетсек, Токиода өтетін Олимпиадаға трекшілер лицензия үшін алғашқы ұпайларын да жинай бастады. Осыдан бір апта бұрын құрамамыз Әлем кубогының кезеңіне де қатысып үлгерді. Демек, Олимпиада ойындарына қатысу үшін нағыз тер төгетін кез десек артық емес.

- Федерацияның келер жылға қойып отырған жоспарлары қандай?

- 2019-жыл – Олимпиада алдындағы жыл. Бұл ең алдымен құрама сапына келіп түсетін жолдамалар. Демек, біз 2019 жылдың барлық жарыстарына барынша маңызбен қараймыз деген сөз. Онымен қатар келер жылы бізде «Алматы Туры» велододасының жетінші жарысы өтеді. Алтыншы мәрте ұйымдастырылған додада әдеттен тыс керемет ұйымдастырылды. Біз одан шабыт алып, ендігі жарысты одан да мықты қылып өткізуге тырысамыз. Сондай-ақ халықаралық Silk Way Series Astana жарысы да трекшілердің жарыс күнтізбесіне енеді. Биылғы жарыс Әлем кубогы алдындағы соңғы дайындық іспеттес өтті. Сайысқа Гонконг, Мажарстан, Ресей, Армения, Беларусь елдерінен спортшылар келді.Сондықтан да, келер жылы да бұл жарыс жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын.

- Әңгімеңізге рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН