Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазақ халқының ежелгі руханиятының тарихы мен мәдениетінің сол кезеңдегі ғылыми-технологиялық жетістіктерін нақты деректер негізіндегі ұлттық кодымыздың жаһандық кеңістікте тектілігін паш етуі – ол қазақ ұлтының ғасырлар бойы айқындай алмай жүрген біздің терең өркениетіміздің мәртебесінің асқақтауы деп түсінеміз.
Тіпті, қазақтың кейбір ру, тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған дей келе, Елбасы тарихымыздың айтылып жүрген кезеңнен әлдеқайда тереңде жатқандығына тоқталған, яғни тарихымыздың көкжиегі 550 жылдан әлдеқайда терең екендігін айғақтап отыр. Кез келген қоғамдағы ғылым мен технологиялардың дамуының қозғаушы күші қарулы күштер, әскер саласы екендігі бүгінгі таңда да заңдылығын жоғалтқан жоқ. Міне, осы орайдағы ата-бабамыздың «Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды», дейді Елбасы. Осының бәрі бабаларымыз сонау «Ботай» кезеңінде жылқыны қолға үйретіп, металл өңдеп, қару-жарақ, саймандар шығару технологияларын меңгеріп, сол кезеңдердегі ғылым-білімнің Ұлы даламызда өз деңгейінде дамығандығының айғағы. Міне, осы технологиялар мен мәдениетіміз Ұлы дала топырағынан әлемнің Шығысы мен Батысына да, Теріскейі мен Күнгейіне де таралғандығының өзі ежелгі халықтың ұрпағы екендігімізге айғақ, бұған қалай марқаймасқа!
Әрине, тектілік, ұлттық код – ол біздің генетикалық ерекшелігіміздің сақталуы, ол да ата-бабаларымыздың қан тазалығына мән беруі айтарлықтай дүние, сол заманда медицинаның да рөлі ерекше болғандығының белгісі. Оның дәлелі белгілі Қытай деректерінен табылған емші Өтей Бойдақтың еңбектері, әл-Фараби бабамыздың математикадағы, астрономиядағы, философиядағы, музыкадағы мұралары бүгінгі таңда да көкейкестілігін жоғалтқан жоқ деуге болады.
Металдарды балқыту және өңдеу технологияларының сол замандағы сырларының бірқатары бүгінгі ұрпақ үшін белгісіз болып тұрғандығы белгілі. Мысалы, көмір, газ жоқ заманда металды балқыту сияқты технологиялардың сырлары біз үшін белгісіз.
Мақалада Ұлы даланың ұлы есімдерін дәріптеуге, болашақ ұрпақ үшін өте қажет дүние, әсіресе музей, галереяларға ерекше мән берілуі аса құптарлық жағдай.
Сонымен қатар тарихтың ашылмаған сырларын архивтік, археологиялық зерттеулерді дамыту арқылы қолға алу да жоспарға енгізіліп отырғандығы «Рухани жаңғыру» бағытындағы руханияттың, инновацияның көріністеріне жол ашып шарықтатуы сөзсіз.
Бұл мақала қазақ халқының ғана емес, түбіміз бір түркі халықтарының мәртебесінің үстемдігіне де, болашағына да мәртебе берерлік туынды екендігі ортақ мүддемізді асқақтататыны анық.
Талжан Пердешұлы РАИМБЕРДИЕВ,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры, техника ғылымдарыныңдокторы, профессор ШЫМКЕНТ