• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аударма 12 Желтоқсан, 2018

Тік тұрып жұмыс істеу жаттығу емес

598 рет
көрсетілді

Физикалық белсенді болудың тиімді, ал еріншектік зиянды екенін жақсы білеміз. Кейбіреулер құр отыру, тіпті жұмыста отырудың тиімсіз екенін алға тартып жүр. Бәлкім, тұрып қызмет көрсетудің үрдіске енуі жайында денсаулық сақтау мамандарының жиі айта бастауы осыдан шығар. 

Аарон Э.КЭРРОЛЛ, «Нью-Йорк Таймс»

Алайда зерттеу жұмыстары ден­саулықты жақсарту мақ­сатын­да жұмыста отырып та, тұрып та қызмет көрсетудің жағымсыз әсері бар екенін ескертеді. 

«Денсаулыққа мән беретін кәсіби мамандар мен жиһаз өн­ді­рісімен айналысатындар қан айналымын жақсарту үшін кейде отырып, кейде тұрып жұмыс істеуді ұсынады. Алайда мұның пайдалы екенін дәлелдейтін еш­қандай ғылыми зерттеу жасалған жоқ», дейді Калифорния универ­ситетінің медицина профессоры Дэвид Ремпел. 

Оған қоса, «отырып, тұрып жұмыс істеу компьютер қолда­на­тын адамдар үшін мойны қа­рыспауы, бой жазуы үшін тиім­ді болуы мүмкін», дейді ол. Бірақ адамдар осы әрекеті арқы­лы жаттығумен айналысып жат­қанына иланып кетпеуі керек. 

Көптеген ғылыми жұмыстар 24 сағатқа жуық қозғалмай жұмыс істеу мен қан айналымы жүйесі ауруының арасында байланыс бар екенін анықтады. Мәселен, 2015 жылғы зерттеуде 150 000-нан ас­там ересек адамға 7 жыл бойы ба­қылау жүргізілгені айтылады. Сөйтсе, күніне 12 сағат отырып жұмыс істейтіндер күніне 5 са­ғаттан аз уақыт отырып жұмыс істейтіндерге қарағанда қайтыс болу ықтималдығы жоғары екен. 

2015 жылы жүргізілген тағы бір зерттеуде 50 мың ересек адам­ға бақылау жасалып, ол дәл осындай нәтиже көрсетті. Алайда бір айырмашылық бар екен. Нақты жағдайларда, мәселен жұмыста ұзақ отырудың әсері дәл мұндай емес. 

Отыру жекелей алғанда қиын­шылық туғызбайды. Оның салдары басқа болуы ықтимал. Мы­са­лы, жұмыссыз және кедей адам­дардың арасында өлім деңгейі жоғары. Өз кезегінде, олар уа­қытының көп бөлігін бос отырып өткізуі әбден мүмкін. 

Америкалық Preventive Medicine журналында жария­лан­ған жүйелі шолу мақаласында жұмыста отыру мен денсаулықтың нашарлауы арасында байланыс бар екенін анықтаған көп зерттеу мысал етілген. Бірақ ғалымдар зерттеу жұмыстарына тереңірек үңіліп, адамдардың әлеуметтік топтарына мән бергенде, алдыңғы тезисті дәлелдейтін жеткілікті дерек таппаған. 

Occupational and Environ­men­tal Medicine журналына ж­а­рияланған, 38 000 адамды ұзақ уақыт бойы бақылаған ғы­лыми жұмыс күніне 6 сағат бойы түрегеліп тұру немесе жүру күретамырлардың ісінуіне әкеліп соғып, ота жасатудың ықтималдығын жоғарылататынын мәлімдеді. Мұндай жағдайда адамдар артериялық ауруларға шалдығып, жүрек талмасына ұшырауы мүмкін. 

Көптеген елдер тұрып жұмыс істеуге көбірек, отыруға аз көңіл бөліп келеді. Кейбіреулер тіпті «оты­ру темекі тартудың жаңа тү­рі» деп те айтып жүр. Алайда тұ­рып жүру де жаттығу жасау емес. 

Көптеген денсаулық сақтау мамандары жұмыс арасында үзіліс жасап, серуендеудің қажет екенін айтады. Отыруды тұрып жұмыс істеумен алмастыру оған сай келмейді әрі жұрттың фи­зи­калық белсенді болу туралы ойын кері бағытқа өзгертуі мүмкін. 

Отырып, тұрып жұмыс істеу мұны ұнататындар үшін аса қауіпті емес. Ең бастысы, көп адам оны қажет етпейді.

© 2018 The New York Times News Service

Мақаланы аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»