• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2012

Қаһарман қазақ

392 рет
көрсетілді

Қаһарман қазақ

Ескі шаһардың солтүстік шалғайын «Қызылжарма» (халық «Сатан ауылы» атап кеткен) каналы құшағына ала орап жатыр.Бұл мені суына шомылдырып шынық­­тырған, балдәуренім өткен жер.Аңсаған ауылым тосырқап қарсы алды. Қысқасы, бұл жер қала боп кетіпті. Өңкей ұзын да енді көше, түйелі көш секілді тізіл­ген қыштабан түмекейілі үй­лер. Ал тауып көр ізің түскен, май то­пырағы көпсіген күре жолдарды, құм төгілген су жағаны! Сөйтіп, жолымды таппай аңтарылып жүріп бір табантасы кіндіктен келетін өңкей ақ қыштан өріл­ген кәделі үйдің шекесіндегі қаңылтыр жапсырмадан «Жақыпбек Махамбетов кө­ше­сі» деген жазуды оқыдым. Ауылдас аға есімі көзіме оттай басылды. Қайта үңілдім. Әлгіндегі құлазыған көңілім жадырап, бо­йымды қуаныш биледі. Көз алдыма батыр ағаның таныс бейнесі көл­денеңдеп тұра қалды. Жақаң жарықтық соғыстағы ерлігін айтуға өте сараң еді ғой.

Ескі шаһардың солтүстік шалғайын «Қызылжарма» (халық «Сатан ауылы» атап кеткен) каналы құшағына ала орап жатыр.Бұл мені суына шомылдырып шынық­­тырған, балдәуренім өткен жер.Аңсаған ауылым тосырқап қарсы алды. Қысқасы, бұл жер қала боп кетіпті. Өңкей ұзын да енді көше, түйелі көш секілді тізіл­ген қыштабан түмекейілі үй­лер. Ал тауып көр ізің түскен, май то­пырағы көпсіген күре жолдарды, құм төгілген су жағаны! Сөйтіп, жолымды таппай аңтарылып жүріп бір табантасы кіндіктен келетін өңкей ақ қыштан өріл­ген кәделі үйдің шекесіндегі қаңылтыр жапсырмадан «Жақыпбек Махамбетов кө­ше­сі» деген жазуды оқыдым. Ауылдас аға есімі көзіме оттай басылды. Қайта үңілдім. Әлгіндегі құлазыған көңілім жадырап, бо­йымды қуаныш биледі. Көз алдыма батыр ағаның таныс бейнесі көл­денеңдеп тұра қалды. Жақаң жарықтық соғыстағы ерлігін айтуға өте сараң еді ғой. Әлдеқалай сыр тарта қалсаң, барлаудан «тіл» әкел­меген кі­нә­лі солдатша кі­біртіктеп, әңгімені басқа­ға бұрып, әйтпе­се, күлкі… араластырып жібе­ре­тін. Әйте­уір, тиіп-қашып жүріп құпиясы­ның қақ­пағын ашу бақытына ие болдым. Олар­дың бір парасын батырдың көзінің ті­рі­сінде де, кейін де газет бетінде жарияладым.Кеңес Одағының Батыры Жақыпбек Махамбетовпен көзінің тірісінде жүр­гіз­ген әңгіме-сұхбатымды тағы бір еске түсіріп, әлқиссаны сабақтай отырайын.– Соғыс басталысымен менің екі ағамды – Қуандық пен Қабланбекті май­данға бір күнде алды. Ауылдағы құрбы­ларымды да сыпыра бастады. Үйде жең­гем екеуміз ғана қалдық. Арада тоғыз ай өтті. Мені әскерге шақыратын емес. Қой деп, бір күні ауыл ке­ңеске барып, дау шы­ғардым. Сөйтсем, тракторшы жоқ, егінші қалмады деп мені броньмен қалдырып жүр екен ғой. «Майданға кетем, жаумен соғысамын, жұрттан артықпын ба мен» деп кеңседен шықпай қойдым.Ағамыз сөзге сараңдау болса да, осылай-осылай көп жайға қанықтым.Ақыры ағамыздың тілегі қабыл болып, қырық екінің қаңтарында батысқа жол тартады. Аз күн әскери даярлықтан өткен соң әуелі Калининград майданында соғысқа кіреді. Қорқуды, жасқануды біл­мейтін жалындап тұрған от кезі, шу дегеннен-ақ, батылдығымен командирдің көзіне түсіп, алғыс алады. Артынша осын­дай қиян-кескі ұрыстардың бірінде ауыр жарақат алып, аз күн емделіп, қаруластар қатарына қайта қосылады. Осы жолы кеудесіне «Қызыл Жұлдыз» ордені тағылып, тағы да жоғары коман­дованиенің алғысын алады.Содан, Жақаң борышын өтеп жүрген 254-атқыштар дивизиясының 933-атқыш­тар полкі екінші Украина майданына ойысады. Воронеж облысы жерінде қанды ұрыс қызып жатты. Украина жерін қа­лайда азат ету міндеті алға қойылды. Бір қадам артқа жылжымаймыз деген ұран көтерілді. Қа­сиет­ті Украина жері қанды қырғын алаңына айналды. Екі жақтан да орасан шығын болды. 1943 жылдың қыр­күйек айындағы Днепр өзені үстіндегі шайқас тарих бетіне алтын әріп­пен жазылды. Сонда Жақаң ерліктің асқан үлгісін көрсетіп, қазақ деген халықтың қаһармандығын әлемге паш етті.«Максим» пулеметінің даңқы жер жарып, аңызға айналып тұрған тұсы. Фа­шис­тер оның даусын естігеннен-ақ зәресі ұшып, есінен танып қалады.Сөйтіп, үш күн, үш түн бойы, соғыс бір сәт те толастаған жоқ. Ажал оғы тыныс алдырмай жауып тұр. Қыркүйектің жаңбыр аралас қара суығын өзеннен соққан қы­ты­мыр жел көтере түседі. Солдаттар әбден қалжырады. Күш те, адам да азайды. Осыны білген жау қашып соғы­сып, алыстан атқы­лауға көшкен. Жау арғы бетте, біздің жауынгерлер бергі бетте. Ортада асау Днепр тулап ағып жатыр. Алға қойылған мақсат – фа­шис­терді бір сүйем аттатпай Украина өзенінің жаға­лауын жаудан тазарту, ұлы Кобзарь Тарас шомылып, жырына қосқан Днепрді зұ­лым тырнақтан арашалап алып қалу.Түн ортасы ауған. Арғы беттен жауған оқ аздап саябырсығандай болды. Жақаң жарқабақтан мойнын шығарып өзен бетін барлады. Сонда, көз алдына кіндік кескен ауыл, өз Сырдариясы елестеп кетті. Айнымайды тіпті. Ана  тула­ған толқын, судыра­ған қамыс, еріне сіл­кі­ніп тұрған жиделі тоғай, дене қарыған желді жаңбыр бәрі… Кенет қылаң берген бір ой шалт қимылға бастады. Коман­ди­рі­нен рұқсат сұрап орнынан тұрды да, өзенге төніп тұрған ну қамысты жапырып, тік басты күрекпен жайрата бастады. Артынша оны бір жерге жинап, сыммен буады. Қамыс сал бууға жасынан ма­шық еді. Өйт­кені, Сырдарияның  жаға­сын­да туды. Өзен, көл тасығанда ауыл-ауылға салмен баратын. Міне, енді соның пайдасы тиді, ұзамай қамыс сал дайын болды. Сосын командирмен тілдесіп, сал үстіне пулемет орнатып, үстін қамыспен жапты. Ол жасырынып, сыртқа көрінбей қалды. Сосын арғы жаға­лауға бірінші болып өтуге, сөйтіп, ажалдың алдын бөгеу­ге рұқсат сұрады.Үміті алдамады. Жау бұл қулықты аңғармай қалды. Сол күні Кеңес әскері жауға орасан зор соққы берді. Сөйтіп, оның өлшеусіз еңбегі мен жасаған ерлігі жалпақ жұртқа жайылды.Қуаныштың көкесі кейін болды… Арада бес ай өткенде 1944 жылғы 22 қаң­тарда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқа­сы­ның Жа­қыпбек Махамбетовке Кеңес Ода­ғының Батыры атағын беру туралы жар­лығы шықты. Майданнан келе салып Сырдария ауданын­дағы Жаңатұрмыс, Октябрь, Қазақстанның 30 жылдығы және Коммунизм колхоздарын басқарды. Қы­рық жетінші жылы Республика Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. Мұнан кейін де зейнет демалысына шыққанша ауылдық кеңеске төрағалық етті. Туған еліне бар ғұмырын арнады. Соған сай ұрпақтары еңбегін елеп, әспеттеп отыр. Қазір қалада (бұрынғы туған ауылының аймағы қалаға өткен) ол кісінің атында көше және орта мектеп бар.

Өтеген ЖАППАРХАН.ҚЫЗЫЛОРДА.