Жұма, 23 қараша 2012 7:05
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауында еліміздің басты байлығы – денсаулық саласына аса зор көңіл бөлінгені баршамызға белгілі.Денсаулық сақтау саласына әдеттегідей ерекше назар аударылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жыл сайын кеңейіп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысында стационарлық және стационар алмастыру көмекті қаржыландыру бюджеті жыл сайын өсуде. Мәселен, 2012 жылы 22651,8 млн. теңгеге жетті. Салыстыру үшін айтсақ, 2009 жылы 13413,8 млн. теңге болатын.
Жұма, 23 қараша 2012 7:05
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауында еліміздің басты байлығы – денсаулық саласына аса зор көңіл бөлінгені баршамызға белгілі.Денсаулық сақтау саласына әдеттегідей ерекше назар аударылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жыл сайын кеңейіп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысында стационарлық және стационар алмастыру көмекті қаржыландыру бюджеті жыл сайын өсуде. Мәселен, 2012 жылы 22651,8 млн. теңгеге жетті. Салыстыру үшін айтсақ, 2009 жылы 13413,8 млн. теңге болатын. Бүгінгі таңда медицина ұйымдарының барлық іс-шаралары денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламада ұлт денсаулығын нығайту мақсатына жетуге бағытталған міндеттер қойылған. Мемлекеттік бағдарлама денсаулық сақтау саласын жаңа сапалық деңгейге көтеретініне көзіміз жетіп отыр.
Жалпы республика деңгейінде денсаулық сақтау саласында барлық негізгі көрсеткіштердің оң үрдісі байқалады. 2012 жылғы 10 айдың қорытындары бойынша аналар өлім-жітімі 13 пайыз, нәрестелер өлім-жітімі 7,2 пайызға азайып, қан айналымы жүйесі, туберкулез және өзге де әлеуметтік маңызды аурулар бойынша өлім-жітім, сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.Елбасының тапсырмасына сәйкес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі Оңтүстік Қазақстан облысында да енгізілуде. Биыл үшінші жыл стационарлық қызметін жетілдіруге арналған кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қағидаттарын жүзеге асыру стационарлық көмектің нақты қажеттілігін анықтауға, еліміздің барлық жерлерінде бірыңғай тарифтерді және халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.Еліміздің азаматтары, әсіресе, ауыл тұрғындары стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланады. Олар өз еркімен облыстық, республикалық деңгейлердегі емдеу мекемелерін таңдап, тиісті көмек алып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі стационарды алмастырушы және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамытуды басым бағыт ретінде белгілеген.Ең бастысы – тұрғындар үшін жоспарлы стационарлық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Емдеуге жатқызу бюросы порталы науқасқа медицина ұйымын еркін таңдауға мүмкіндік ұсынады. Сонымен қатар, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етіп келеді. Әрине, халық және медицина қызметкерлері арасында да әлі де түсіндіру ақпараттық-сараптамалық насихаттау жұмыстарын жетілдіру қажет. Басында түсінбеушілік пайда болып, біраз кемшіліктерге халықтың арасында наразылық болғаны рас.Бүгінде науқастардың сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыруға, ресурс үнемдейтін технологияларды белсенді түрде дамытуға мүмкіндік беріліп отыр. Ауруханалар стационарлық көмек көрсеткені үшін ақыны бұрынғыдай төсек-орын санына қарай емес, көрсетілген медициналық қызметтер көлеміне және нақты шығындарына сәйкес алып отыр.Осының нәтижесінде ақы төлеу жүйесі енгізіліп, еркін таңдау құқығы арқылы нарықтық қатынас қалыптастырылып, ресурстарды тиімді қолдануы қамтамасыз етілді. Бұл дәрігерлердің біліктіліктерін көтеруге ынтасын арттырды және медицина қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал еткені анық.Сонымен қатар, лизингтік төлемдер арқылы өнім берушілермен бағасы 5 млн. теңгеден 50 млн. теңгеге дейін негізгі құралдарды өз беттерімен сатып алу қарастырылып, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасы күшейіп келеді.Бүгінгі таңда емдеу мекемесі басшысының менеджмент деңгейі жоғары болуы тиіс. Қолданысқа озық технологияларды енгізіп, қызметкерлерді тиісті еңбекақы ұсыну арқылы ынталандыруы талап етіледі.2011 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі ресурстарды тиімді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында «Бүгін – сен үздіксің, ертең – барлығы» жобасын бастап, іс жүзінде басқару технологияларын беру үшін республиканың үздік ұйымдары анықталып, дайындықтан өткізді. Жобаға барлық деңгейдегі 118 медицина ұйымы қатысып, олардың 425 маманы кәсіпорындарды тиімді басқару мәселелері және басқарудың заманауи тәсілдері бойынша оқытылды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 9 медицина ұйымы жобаның қатысушылары болса, оның ішінде облыстық балалар ауруханасы бар. Жобаның қатысушы-ұйымдарына жоспарлы және қарқынды түрде менеджментке оқыту арқылы заманауи менеджментті енгізу жөніндегі озық тәжірибені әрі қарай өңірлерге тарату міндеттелген.Бұл аталған жобаның мақсаты – денсаулық сақтау менеджментін жетілдіру, медицина ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру арқылы халық денсаулығын сақтау және қорғау. Сонымен қатар, сырқаттанудың алдын алу және өмір жасын ұзарту болып табылады.Облыстық балалар ауруханасының «Бүгін – сен үздіксің, ертең – барлығы» жобасына қатысушы-ұйым ретінде таңдалғаны инновациялық технологияларды қолданып, іске асыру, мекемені тиімді басқаруын енгізуге мүмкіндік туғызды. Осы жобаның аясында 2012 жылдың 30-31 қазан аралығында Астана қаласында Денсаулық сақтау министрлігі және Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Менеджмент саласындағы денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру: денсаулық сақтау менеджментін дамытудың жүйелі тәсілдері» тақырыбымен II халықаралық конференция өткізілді.Мұнда медицина ұйымдарының өкілдері еліміздің және шетелдердің үздік медицина мекемелерімен және халық денсаулығын қадағалау, жаңа технологияларды адам игілігіне тиімді қолданумен танысты. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін басқарудағы қазіргі мәселелер талқыға салынды. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың халықаралық стандарттарға негізделген осы бағыттағы саясатына медицина қызметкерлері толық қолдау көрсетіп отыр.2012 жылдан бастап республикада онкологиялық қызметті қаржыландыруы жергілікті және республикалық бюджет бірге қосылып, «жаһандық» қағидаты бойынша жүзеге асырылуда. «Жаһандық» бойынша қаржыландыру электрондық тізімде тіркелген пациентке оның бағыты (емделу сатысы) бойынша ақы төлеуді көздейді. Ол онкодиспансерлердің ауруды ерте анықтауға мүдделілігін және 5 жылдық өмір сүруді ұзартуға арналған халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы емдеуді қамтамасыз етеді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу онкологиялық қызметті қаржыландыру 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есе арттыруға мүмкіндік берді.Қазіргі таңда ауылдық денсаулық сақтау жүйесі екі көзден қаржыландырылуда. Мемлекет басшысының саясатын іске асыру шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржыландыру көздерін біріктіріп, «жаһандық» бюджет қағидаты бойынша қаржыландыруды ұсынып отыр. Бұл қадамды ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту шараларының бірі деп есептеуге болады. Мемлекеттің тегін медициналық көмегінің кепілдік көлемінің шеңберінде жұмсалатын шығыстарының құрылымында бастапқы медициналық-санитарлық көмекке баса мән беріліп, 60 пайыз қаражат қарастырылған. Ал осыдан біраз жыл бұрын, қаражаттың басым бөлігі стационарлық көмекті төлеуге жұмсалатын, бастапқы медициналық-санитарлық көмекке 30 пайыз көлемінде қалдырылатын.Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова ауылдық денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландыру туралы ұсыныстары еліміздің медицина ұйымдары арасында жан-жақты талқыланып, медицина қоғамдастығы арасында белсенді қолдау тауып отыр. Бұл сөз жоқ, медицина ұйымдарына жоспарлау мен басқаруда үлкен еркіндік беріп, қызметтерінің тиімділігін арттыруға және шығындарын қысқартуға ынталандырады. Бұл өз кезегінде төсек қорын оңтайландыруға, емделуге жатқызу құрылымын өзгертуге, кадр мәселелерін шешуге, ресурстарды сақтайтын жаңа технологияларды игеруге, профилактикалық бағытты кеңейтуге мүмкіндік береді.Қазақстандағы экономикалық өсу бұрын тоқмейілсіп келген мәселелерге басқаша қарауға мүмкіндік беруде. Отандық медицина қарқынды дамып, жаңа биіктерді бағындыра бастады. Біз мұның жақсы мысалын өз облысымыздағы оңды өзгерістерден көріп отырмыз. Елбасымыз “біздің ең басты байлығымыз – халқымыздың аман саулығы” дегенді жиі айтып, Денсаулық сақтау министрлігіне заман талаптарына сай тапсырмалар белгілеп беріп келеді. Мемлекет басшысының әрдайым қолдау көрсетуі республикамызда денсаулық сақтау саласының көкжиегін кеңейтуде. Адам жанының арашасысы дәрігерлер қауымы осы сенімге сай әлемдік озық тәжірибелерді еркін игеріп жатыр.Әнуар МАЙМАҚОВ,Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.ШЫМКЕНТ.