• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2012

Озық тәжірибені үйде де үйренуге болады

382 рет
көрсетілді

Озық тәжірибені үйде де үйренуге болады

Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:02

Ұлттық медициналық холдинг дү­ние жүзінің алдыңғы қатарлы клиника­ла­рының ең үздік мамандарын тарту ар­қылы Қазақстанда денсаулық сақтауда менторлық институтты дамытуға бағыт­талған жұмысты бастады.

Бұл отандық медицина кадрларын оқыту саласындағы жаңалық болып табылады. Оның негізгі артықшылығы – шақырылған ментор-тәлімгерлер мамандарды «қызмет орындарында» оқытады. Бұл ретте менторларды Қазақстанға шақыру, мамандарды шетел клиникаларында оқытудан әлдеқайда арзан.

Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:02

Ұлттық медициналық холдинг дү­ние жүзінің алдыңғы қатарлы клиника­ла­рының ең үздік мамандарын тарту ар­қылы Қазақстанда денсаулық сақтауда менторлық институтты дамытуға бағыт­талған жұмысты бастады.

Бұл отандық медицина кадрларын оқыту саласындағы жаңалық болып табылады. Оның негізгі артықшылығы – шақырылған ментор-тәлімгерлер мамандарды «қызмет орындарында» оқытады. Бұл ретте менторларды Қазақстанға шақыру, мамандарды шетел клиникаларында оқытудан әлдеқайда арзан. Менторлар екі аптаның ішінде күн сайын клиникалық блокта дәрігерлермен және медбикелермен бірге жұмыс істеп, оларды медициналық көмек көр­сетудің халық­­­аралық стандарттарына, әсіресе, күнделікті практикада дәлелді медицинаны қолдануға үйретеді. Сонымен бірге, қазақстандық дәрігерлермен біріге отырып, ауыр оталар жасауға қа­тысады. Мысалы, Нейрохирургия орта­лы­ғында 4 күн бойы мидағы ісіктерді алып тастау бо­йынша 7 ота жасалды.

«Қазіргі уақытта Ұлттық медицина­лық холдингқа 24 шетел менторы келді. Ал жыл аяғына дейін медицина тәлім­­герлерінің жалпы саны 77 адам болады», – делінді Ұлттық медициналық холдингта өткен баспасөз мәслихатында.

«Егемен-ақпарат».