Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:20
Отанымыз – ортақ үйіміз
Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен.
Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:20
Отанымыз – ортақ үйіміз
Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе, Президенттің қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен теориялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі – толеранттылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы.
Толеранттылық XXI ғасырда экономикалық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр. Қазақстанда бұл тәсіл уақытпен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дәлелденген. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады.Көптеген этностардың Қазақстанға өз еріктерімен қоныс аудармағаны мәлім. Ұлан-байтақ Қазақстанның кең жазира даласы жер аудару орны болды. Басқа этностардың өмірі туралы неғұрлым көбірек білуге, ортақ тамыр табуға ұмтылу азаматтардың басын біріктіре отырып, ұлтаралық жанжалдар мен өзара өкпе-реніштерге жол бермейді.Бірыңғай жалпықазақстандық мәдениетке тоғысқан, өзінің қайталанбас қырларымен көзге ұрарлық әртүрлі этностардың өнері мен салт-дәстүрлері Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған ұлттық саясатына алып келді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық баяндамаларында ең бастысы – ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбітшілік, ұлтаралық келісім екенін баса айтуы тегіннен тегін емес.Адамзаттың көптеген мыңжылдықтар бойы жинақтаған тарихи бай тәжірибесі барлық күрделі әлеуметтік мәселелердің түп-тамыры мен кез келген қоғамдағы ұлтаралық қарама-қайшылықтың шешімін таба алмаудың бірден-бір себебі – адамдардың мәдени артта қалушылығы мен надандығында екенін көрсетіп берді. Бұдан шығар қорытынды, мемлекеттің ішкі саясаты азаматтардың жан-жақты және үздіксіз білім алуының дамуына, қоғамның ғылыми және кәсіби деңгейге көтерілуіне сүйенуі тиіс.Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы айқын оқиғаның бірі –республиканың қоғамдық-саяси көкжиегінде этносаралық қатынастарды үйлестірудің жаңа институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы болып табылады. Ассамблея ұлтаралық тұтастық пен келісімді сақтауға іс жүзінде өз үлесін қосып, бейбітшілік үлгісі мен көпұлтты халықтың рухани-мәдени қайта өркендеуіне ұйытқы болды.Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы Президентіміздің көрегенді шешімі дер едім. Бұл қоғамдық-саяси жағдайды тұрақты түрде сақтау факторы болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттерінің бірі ретінде білім беру орындары мен жоғары мектептердің мәдени-ағарту қоғамдарымен және этно-мәдени бірлестіктерімен тығыз ынтымақтастықта болуын, білім беру жүйесі арқылы Қазақстанда тұрып жатқан барлық аз ұлттардың тілін, тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту мәселесін де қойып отыр. Бұл дегеніміз, білім беру жүйесі қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси даму жүйесі болып табылады, ол ұлттық болашақпен тығыз байланысты болып, халықтың материалдық емес мәдени мұрасын сақтап қалу мен дамытуға ықпал етеді.Демократиялық үдерістерді жүзеге асырудағы серпінділік пен жүйелілік біздің азаматтарымыздың білімге деген көзқарас психологиясын түбегейлі өзгертті. Мұның бір көрінісі ретінде ұлттық-этностық түп-тамыры негізінде кәсіби біліктілік, білім алуға деген ұмтылысты атауға болады. Этно-мәдени білім беру кеңістігі мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде белсенді түрде құрылған. Этно-мәдени білім берудің базалық жоспарына ұлттық мәдениет пен халықтық педагогика бөліктерін енгізу қарастырылған.Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан азаматтарын өз еріктерімен әлемдік және дәстүрлі діндердің жалпыадамзаттық құндылықтарының рухани негізінде бірігуге шақырады. Және бұл қоғамдық институт заманауи әлемдегі көпмәдениеттілік, этностық және діни саналуандылық – бұлар шақыру емес, стратегиялық басымдық пен экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздықты жеңіп шығудағы жаңа мүмкіндіктер өрісі екендігіне берік сенімді.Қоғамдық ұлттық бірлестіктердің шоғырланған бай тәжірибесі мен интеллектуалды әлеуеті қазақстандық қоғамды бұдан былай да біріктіруді күшейтуге, Қазақстанның көпұлтты халқының мемлекеттік бірегейлендіруі мен оның азаматтық-саяси қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ассамблеяның арқасында этностық топтардың өздерінің тарихи отандарымен байланыс орнатып, интеграциялық үдерістері кеңейтілуде. Сондай-ақ, Ассамблея қызметі ұлтаралық қарым-қатынастар мәселелерін тиімді шеше алатын ел ретінде республикамыздың халықаралық беделінің өсуіне өз ықпалын тигізуде. Мәдениетті идеологияның «қызметшісі» ретінде қарайтын тоталитарлық түсініктен бас тарта отырып, Ассамблея халықты мәдениет кез келген халықтың бет-пердесін анықтаушы салт-дәстүр, дін, мораль, өнер, идеология, саяси және құқықтық сана сияқты құндылықтардың жинағы деп қарауға шақырып және ол қоғамның жүйелі негізін құрайтынын, сонымен қатар, оның базистік құндылықтарын қалыптастыратынын дәлелдеп берді.Қазақстанның өркендеп дамуға қарыштап қадам жасауында білім беру ерекше рөл атқарады. Білім берудің заманауи жүйесі өз маңыздылығымен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени әлеуметтік өмірдегі басқа да салаларға ықпал етуі бойынша айрықша маңызды және басым жүйенің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің барлық деңгейін – балабақшадан бастап жоғары білім мен ғылымға дейін тиімді жүйелеуші, инновациялық білім берудің тұтастай қазақстандық үлгісін қалыптастыру үшін негіз бар.Жоғары мектептің педагогы ретінде мені қазақстандық жастарды тәрбиелеу мәселесі толғандырмай қоймайды. Абай атындағы ҚазҰПУ – еліміздің ең байырғы оқу орны. Аталмыш оқу орнында әр жыл сайын болашақ мамандардың қатарын педагогтар, заңгерлер, журналистер, тіл мамандары мен елтанушылардың жаңа тобы толықтырады. Ертеңгі күні олардың көпшілігі тек оқытып және тәрбиелеп қана қоймайды, сондай-ақ, Қазақстанның мәдениеті мен ғылымын Қазақстаннан сырт елдерге де таныстыратын болады. Сол себепті бүгінде біздің жоғары оқу орнымыздың профессор-оқытушылар құрамына қойылатын талаптар да жоғары болып отыр.Елбасының білім берудің барлық сатыларына, оның қатарында жоғары оқу орындарында да «Қазақстандық құқық», «Өлкетану», «Акмеология» сияқты пәндерді енгізу туралы ұсынысы да өзекті мәселелердің бірі. Егер педагогтың жеке мәртебесі мен нақты қызметі, шығармашылық белсенділігі жалпымемлекеттік міндетті шешуге – қазақстандық отансүйгіштік пен интернационализмді нығайтуға бағытталған болса, онда мұндай жоғары мектептің талантты ұстаздарына қолдау көрсетілуі тиіс.Республикамызда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Еліміз заңнамасы барлық тілдердің тең құқықта болуын қарастырады. Тілдік саясат қазақ, орыс, ұйғыр, әзербайжан, кәріс, күрд және басқа да ұлт тілдерінің бірігуін көздейді.Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығында күрд тілін оқыту курстары ұйымдастырылған, «Хеви» («Үміт») қазақ-күрд достық қоғамы құрылған. Академиктер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, күрд кәсіпкерлері Қазақстанның барлық этнос өкілдері арасындағы достық идеяларын насихаттауда. Қазақ жазушыларының еңбектері күрд тіліне аударылса, күрд жазушыларының еңбектері қазақ тіліне аударылуда. Барлық ұлт өкілдері қатыса алатын ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, ұлттық мерекелер жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады.Күрд тілінде жарық көретін газет-журналдарда, оқулықтарда толеранттылық мәселелеріне, ұлтаралық келісімге және еліміздегі тыныштық сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Қауымдастық жастарды тәрбиелеу саясатын қазақстандық отансүйгіштік рухпен ұштастыра отырып жүргізіп келеді, сол арқылы барлық туысқан этнос өкілдеріне, олардың еңбектеріне құрметпен қарауды үйретуге көп көңіл бөледі. Күрд жастарын жалпықазақстандық бірлік рухында тәрбиелеу – «Барбанг» қауымдастығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ең басты міндеттерінің бірі болып есептеледі. Білім мен еңбек, Отанға деген сүйіспеншілік, қоғамды жаңғырту үдерісі жолында барлық қазақстандықтардың біртұтас болып бірігуі және әр ұлттың ондағы алатын орнын түсіне білуі әрбір қазақстандық азаматтың өзін өзі ұйымдастыру дәрежесі мен жауапкершілікті түсіну дәрежесін көтереді.Қазақстанға сталиндік репрессия кезінде еріксіз қоныс тепкен күрдтерді Ұлы Даланың өкілдері – қазақтар бар мейірімін төгіп, құшақ жая қарсы алды. Дархан қазақ даласы күрдтер үшін туған бесік бола білді, дәл осы жерде біз Қазақстан Республикасының Ата Заңында көрсетілген құқықтар мен еркіндікті барлық азаматтармен бірдей дәрежеде пайдалана аламыз. Мұны біле жүргеніміз абзал.1988-1990 жылдардағы Кавказдағы тұрақсыздық жағдай мен таулы Қарабақтағы оқиғалардан кейін күрдтердің жаңа тобы Қазақстанға тағы да қоныс аударып келе бастады. Қазақ халқы ешуақытта күрдтерден қамқорлығы мен мейірімін аяған емес. Қиын-қыстау жағдайларда негізі қаланған достық қарым-қатынасты ешуақытта жоғалтып алмауымыз керек. Қазақтар мен күрдтер өздеріне ортақ үйде – егеменді Қазақстанда өмір сүруде, еңбек етіп барлық күш-жігерлерін егемен елімізді көркейту үшін, гүлдендіру үшін жұмсауда.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен жүргізіліп отырған саяси басшылығы моральдық және материалдық қатынаста күрделі болып келетін ұлттық азшылық мәселелеріне үлкен түсінушілікпен қарайтынын баса айтуымыз қажет. Елбасы өзінің «Қазақстан- 2030» атты ұзақ мерзімді бағдарламасында: «Біз, қазақстандықтар адамдардың арасындағы өзара байланыс пен қатынасты күшейту үшін ұлттық ынтымақтастығымызды нығайта түсеміз және өзіміздің ұлттық әлеуетімізді кеңейте береміз», деп атап көрсеткен болатын.Барлық қазақстандықтар секілді күрдтер де кең байтақ қазақ елінде өмір сүріп отырғанын мақтан етеді. Әлемдік ауқымда өзіндік орнын таба білген көрнекті мемлекет қайраткері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты Отанға үздіксіз қызмет етудің үлгісі болып қала бермек.Князь МИРЗОЕВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.АЛМАТЫ.