• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Ақпан, 2019

Карталар мен навигация жүйелерінің жұмысына қауіп төніп тұр

645 рет
көрсетілді

Кейінгі бірнеше жылда солтүстік магнит полюсінің қозғалысы үдей түскен. Бұл смартфондардың карталары мен навигация жүйесінің жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін. 

CNN арнасының хабарлауынша, магнит полюсінің жылдамдығы кейінгі уақытта жылына 55 шақырымға жеткен. Осының салдарынан Дүниежүзілік магнит моделін қайта жаңартуға тура келмек.

Мұндай модельді азаматтық навигация жүйелері, НАТО, сонымен қатар, АҚШ пен Ұлыбританияның қарулы күштері қолданады.

«Арктика аумағындағы жоспарланбаған өзгерістер салдарынан ғалымдар магнит өрісінің өзгерісін нақтылайтын жаңа модель ойлап тапты» делінген АҚШ Мұхит және атмосфера ұлттық орталығының хабарламасында.  

АҚШ пен Ұлыбритания қарулы күштері агенттігінің қолданатын моделі негізінде әр бес жыл сайын жаңартылатын. Дегенмен, агенттіктің айтуынша, жаңарту авиакомпаниялардың, іздеу мен құтқару операцияларының, Солтүстік полюстегі басқа да операциялардың навигациясының сенімді болуын қамтамасыз етеді.

Моделдің негізгі тұтынушылары - әскерлер. Одан бөлек, Google мен Apple-дің карталарында да қолданылады. Дегенмен, жеке мақсаттағы карта мен әскерлер навигациясының айырмашылығы көп емес. Басты айырмашылық навигацияның 55 градус ендікке дейін шектеулі болуында.

Ғалымдар алғашқы өзгерістерді 2018 жылы байқаған. Британия Геология орталығының геофизигі Сиаран Беганнің айтуынша, спутниктер полюстің жоспарлы аумағынан шығып кеткенін көрсеткен. Геофизик Жер шарындағы өзгерістер құбылуға әкеп соқты дейді.

«Уайымдайтын ештеңе жоқ. Бұл тарихта сирек кездессе де, геологиялық масштабта үйреншікті жағдай» деді Сиаран Бегган.

Мыңдаған жыл бойы полюс Жер шарының қай түкпірінде болмасын, компас тілін бағыттайтын навигаторлардың көмекшілері еді. Өзгермейтін географиялық солтүстік полюске қарағанда, солтүстік магнит полюсі уақытқа байланысты жылжып тұратын. Ол 1831 жылдан бастап Арктикадан Ресейге қарай бағыт алған.