• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Ақпан, 2019

Жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіледі

576 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өткен жылғы жұмысын қоры­тын­дылаған алқа отырысы болып өтті. Онда аталған ведомствоның атқарған негізгі жұмыстары талқыға салынды. Соны­мен қатар алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді.

Жұмыстың негізгі бағыттары бойынша үйреншікті есептердің орнына панелдік пікірталастар ұйымдастырылды, оның спи­керлері Агенттік төрағасының орын­басарлары Олжас Бектенов пен Айгүл Шайымова, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы Қайрат Сұнтаев болды.

Агенттік төрағасы Алик Шпек­баев өз баяндамасында өт­кен жылы басталған серпін­ді жоба­ларға ерекше көңіл бөлді. Атап айтқанда, азамат­тар­ға бюджет қаражатын пайда­ла­нудағы бұзу­шылықтарды дербес анық­тауға және хабар­лауға мүмкіндік беретін «Қо­ғамдық бақылау картасы» жо­басының Астанадағы интерак­тивті нысандағы трансформация­сы туралы айтты. Бұл тәжірибе барысы өзге өңір­лерге де таратылатын болады. «Цифр­лы агент» мобильдік қосым­шасы қа­зақстандықтарға нақты уақыт ре­жімінде көр­сеті­летін мемлекеттік қызметтердің сапа­сын баға­лауға және уәкілет­ті органға осы саладағы бұзушы­лық­тар тура­лы мониторинг жүр­гізу кезін­де мә­селені жедел шешуге мүм­кіндік береді.

Арнайы мониторингілік топ­тардың жұмысы жаңа деңгейге көтерілген. Егер бұрын олар сы­байлас жемқорлыққа қарсы стра­тегияны іске асыру жайын қада­ғалаған болса, қазір олар көп­теген өзекті мәселені ше­шуде мемлекеттік органдармен тиімді қарым-қатынас жасай­тын нақты азаматтық қоғам инс­титуты ретінде орнықты. Ал 2016 жылға қарағанда 2018 жы­лы сыбайлас жемқорлық құ­қық бұзушылықтар 23%-ға тө­мен­деген. Өткен жылдың қоры­­тындысы бойынша 1290 тұлға сыбайлас жемқорлық жасау­да әшкереленді, оның ішінде рес­пуб­­ликалық деңгейде – 25, облыс­тық деңгейде – 91, қалалық және аудандық деңгейлердегі 142 басшы ұсталды. Сонымен қатар 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, жүйелік сыбайлас жемқорлықтың 87 фактісі анықталып, олар бойынша 288 лауазымды тұлға қылмыстық жауап­кершілікке тартылды. Мем­ле­кетке келтірілген 21 млрд теңге залалдың 89%-ы өндірілді.

Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған кешенді жұмыс нәтижесінде мүмкін болды. Енгізілетін ұсы­ным­дардың форматы өзгер­тілді. Енді олар тікелей еңбек ұжым­дарында қара­лады. Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызметті дамыту­дың жаңа Жол картасы құқық қор­ғау органында мерито­кратия қа­ғидатын енгізуге, ішкі процес­терді цифрландыру және жұ­мысты ұйымдастыру тәсіл­дерін өзгерту есебінен оның ашық­­тығы мен тиімділігін арт­тыруға мүмкіндік береді.

Ал енді биыл елдегі сыбай­лас жемқорлық дең­гейін төмен­детуге бағытталған бірқатар шараны әзірлеу жос­парланып отыр. Оның ішінде, заң­сыз баю­ға жауапкершілікті енгі­зу, адал­дықты тексеру инс­ти­тутын енгізу, сыбайлас жемқор­лық субъектілерінің тіз­бесін кеңейту және т.б. мәсе­ле­лер бар.

Александр ТАСБОЛАТ,

«Egemen Qazaqstan»