Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты өзара көмек көрсету акциясы жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«8 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұржол» желекжолындағы тұрақ тегін болады» делінген «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-ның хабарламасында.
Белгілі болғандай, Елордада апта бойы қатты аяздың беті қайтпай тұр. Мектептерде сабақ тоқтатылып, кәсіпорын басшыларына қызметкерлерді жұмыстан ерте босату ұсынылды.