«Қайрат» АФК-ның президенті алматылық клубтың ресми сайтына берген сұхбатында «Барселона» мен Дуглас, Алматыдағы Чемпиондар лигасының финалы, Тайнанның «Спортингке» трансфері және 2022 жылғы Еуропа чемпионатының Қазақстанда өткізудің мүмкіндігі қаншалықты екені жайында әңгімеледі. Бұл жайында INFO JUMP ақпараттық сайты хабарлайды.
Қайрат Оразбековтің айтуынша, айтулы клуб Чемпиондар лигасы финалы қарсаңында сырттан ойыншылар шақыртпайды. Дугласпен жасалған келісімшарттың әлі бірнеше жылы бар. Және де «Қайраттың» қабырғасында балалар Академиясы жұмыс істейді. Сол Академияның үш бірдей ойыншысы негізгі құрамда ойнайды.
Өз өрендерін тәрибелеп шығыру – бұл көптеген мемлекеттердің ұстанған стратегиясы. Футзалды дамытуда Кака да осы стратегияны ұстанады. Ол эксперимент жасаудан қорықпайды. Кака жастарға сенім артады. Осындай жағдай жасалып жатқанда жас өрендердің өспеуі мүмкін емес.
Каканың пайымдауынша, «Қайрат» Төрттік финалында фаворитттер санатына кірмейтін жалғыз команда. Дәл осындай пікірді әр бапкердің аузынан естуге болады. Әсіресе, команда 60 пайызға жаңарғанда кезде. Оның айтқан сөзінің жаны бар. Алайда Алматының «Қайрат» клубының жеңіспен өрілген дәстүрі барын да естен шығармаған абзал. Бапкерлік штат жайында айтар болсақ, Сергей Коридзе – өз ісінің профессоры. Ол Кака екеуі тамаша бапкерлік жұпты құрап отыр.
Еуропа футзалы мен «Қайрат» АФК жұлдызы Тайнан УЕФА Чемпиондар лигасы Төрттік финалына қатысушы командалардың бірі – Лиссабонның «Спортингімен» алдын-ала келсімшартқа қол қойды.
Тайнан Чемпиондар лигасының Төрттік финалында барын салып ойнауға дайын. Егер ол осы турнирде үздіктердің бірі болса, мен еш таңданбас едім. Кезінде «Қайраттың» мектебінде тәрбиеленген көптеген ойыншылар басқа да беделді зор командаларға кетті. Бұл – біздер үшін мақтаныш! Енді қазақстандық ойыншыларға өздерін мойындатуға тамаша мүмкіндік туындап отыр.
2022 жылғы Еуропа чемпионатын Қазақстанда өткізу құқығын жеңіп алу мүмкіндігі жайында Қайрат Оразбеков мынадай пікір білдірді:
Біз бұған дейін Төрттік финалын екі рет өткіздік. Сол жарыстың үшіншісі де таяу уақытта өтеді. Енді 2022 жылғы Еуропа чемпионатын Қазақстанда өткізуді армандаймыз. Осындай ірі спорттық шараларды ұйымдастыруда мемлекетіміз зор тәжірибе жиды. Біздің елде Азиада мен Универсиада дүркіреп тұрып өтті. Сол секілді ЕУРО-ны да екі қалада – Алматы мен Астанада өткізуге болады.