Парижде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Елдос Сметов күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
60 келіде белдескен жерлесіміз іріктеу айналымында америкалық Давид Агоглианы, грузиялық Джаба Папинашвилиді жеңді.
Өз тобындағы шешуші белдесуде Сметов чехиялық Давид Пулкрабектен «иппон» әдісімен басым түсті.
Жартылай финалда Елдосты моңғолиялық Амартувшин Дашдава күтіп тұрған. Қос мықты арасындағы кездесуде Елдос Сметов таза жеңіске жетті.
Алайда, әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен өткен финалдық кездесуде Сметов «юко» әдісімен ұтылды.
Бұл Елдос Сметовтың жаңа маусымдағы алғашқы медалі екенін айта кеткен жөн.