Парижде дзюдодан Grand Slam турнирінің финалдық бәсекелері өтіп жатыр. Қазақстан қоржынына алғашқы медальді Галбадрах Отгонцецег салды деп жазады Olympic.kz.
48 келіде белдескен Галбадрах алғашқы айналымда түркиялық Бедер Тукчені «ваззари» әдісімен жеңді.
Екінші айналымда жапониялық Хироми Эндені жеңген біздің спортшы франциялық Мелани Клементтен ескерту санының көптігіне байланысты ұтылып қалды.
Галбадрах Отгонцецег жұбаныш белдесуінде Оңтүстік Корея спортшысын, қола медаль үшін өткен кездесуде Моңғолия балуанын жеңіп, жылдың алғашқы ресми жарысында үздіктер қатарына енді.