• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2019

Астанада өрттен уланған төрт бала ауруханаға түсті

469 рет
көрсетілді

Астанадағы жатақханалардың бірінде төрт бала газдан уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

Оның айтуынша, 9 ақпанда жергілікті сағат 21:12-де Астана ТЖ департаментіне Байқоңыр ауданың Ойыл көшесіндегі жатақханада өрт шыққаны туралы хабарлама келген. Үйдегі жиһаздар, тұрмыстық заттармен қоса 10 шаршы метр өртенген. Өрт 22:16-да толықтай сөндірілді.

«Тілсіз жаудан 10 ересек адам мен 1 бала құтқарылды. Газдан уланған 2006, 2009, 2012, 2013 жылғы балалар ауруханаға жатқызылды» деді Н.Нұрахметов.

Өрт электр желісінің ақауынан туды деген ақпарат бар. Құтқару жұмыстарына 15 қызметкер, 4 техника жұмылдырылған.