• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Ақпан, 2019

Ванкуверде әлем кубогының кезеңдік сайысы өтті

515 рет
көрсетілді

Канаданың Ванкувер қаласында семсерлесуден әлем кубогының кезеңдік сайысы аяқталды.

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік көрсеткішке шпагашы Дмитрий Алексанин қол жеткізді. Әрине, Азия ойындарының жеңімпазы және Дүниежүзілік Универсиаданың жүлдегері деген атақтары бар отандасымыздан біз бұдан да зор нәтиже күткен еді. Алайда Үйеңкі жапырақтар елінде Алексанин жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ. Ал өзге семсерлесушілеріміздің нәтижелері одан да төмен: Елмир Әлімжанов ­– 28 орын, Вадим Шарлаимов – 41 орын және Руслан Құрбанов – 53 орын.

Әлем кубогының кезеңдік сайысында жапониялық Коки Каноның жеңісімен аяқталды. Күміс медальді италиялық Энрико Гароццо иеленсе, қола жүлде франциялық Александр Бардене мен америкалық Джейкоб Хойлиге бұйырды.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»