• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2019

Бүгін Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі

565 рет
көрсетілді

Алматы мен Шымкентте дүйсенбіде жаңбыр жауады, Астанада жауын-шашын болмайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Астанада құбылмалы бұлтты, 2-5 м/с жел тұрады. Күндіз -12-14, түнде -19-21.

Алматыда күндіз жаңбыр жаууы мүмкін, түнде жауын-шашынсыз, 1-5 м/с жел тұрады. Күндіз +1+4, түнде -1-3.

Шымкентте күндіз жаңбыр жауады деп күтілуде, 2-11 м/с жел тұрады. Күндіз +9+11, түнде +4+6.