• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2019

Батысқазақстандық спортшылар қаржылай қолдау алады

647 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен өңірде спорттың әр түрі бойынша үздік нәтиже көрсетіп жүрген 145 спортшы мен 51 жаттықтырушы қаржылай қолдау алып отыр.

- Бұл бастама біздің үздік спортшыларымызды жоғары нәтижелерге ынталандыру мақсатында жасалып отырған шара, - дейді Батыс Қазақстан облыстық спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева.

Қаржылай қолдау Қазақстан Республикасы құрама командалары сапына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалардың (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын беріліп тұрады.

2018 жылы БҚО спортшылары Қазақстан Республикасы чемпионаттарында 175 алтын, 120 күміс, 178 қола медаль алса, Азия чемпионаттарында 25 алтын, 9 күміс, 10 қола медаль, Әлем чемпионаттарында 2 алтын, 3 күміс, 7 қола медаль жеңіп алған. Бұған қоса батысқазақстандық спортшылардың қоржынында ресми халықаралық турнирлерден олжалаған 15 алтын, 48 күміс, 55 қола медаль тағы бар.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Батыс Қазақстан