Бүгін АҚШ-тың Сент-Луис қаласында шахматтан әйелдер арасында өтіп жатқан Cairnc Cup турнирінің бесінші туры аяқталды.
Өкінішке қарай, Жансая Әбдімәлік бұл кезеңде сәтсіз өнер көрсетті. Ол 35 жастағы тәжірибелі америкалық шахматшы Ирина Крушпен шеберлік байқасты. Бұл бәсеке АҚШ өкілінің пайдасынан шешілді. Осы турда жеңілсе де, жерлесіміз жарыс кестесіндегі төртінші орынды сақап қалды. Десек те оны Харика Дроновалли қуып жетті. Қазір екеуінің де еншісінде 2,5 ұпайдан бар.
Ал көш басындағы жағдай өзгеріссіз. Осы кезеңде де жеңіске жеткен ресейлік Александра Костенюк жеке-дара көш бастап тұр. Ол 4,5 ұпайды олжалап отыр. Екінші және үшінші орындарды Ресейдің тағы бір өкілі Валентина Гунина америкалық Ирина Круштан өзара бөлісуде. Олардың әрқайсында 4 ұпайдан бар.
Естеріңізге сала кетейік, тұсаукесер кездесуінде америкалық Анна Затонскихты ұтқан Жансая Әбдімәлік келесі ойында франциялық Мари Себагпен тең түскен еді. Үшінші кезеңде ол Александра Костенюкке есе жіберсе, кеше грузиялық Бела Хотенашвилиден басым түсті.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»