• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2019

Шымкенттегі ірі сауда орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды

456 рет
көрсетілді

 

Шымкенттегі «Самал», «Тұлпар», «Авто-Нұр» базарларында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарды электрондық үкімет порталымен белсенді пайдалануға шақыру мақсатында жұмысын бастады.

Бұл жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының белсенді қатысуымен іске қосылды.

Қазіргі таңда қаладағы барлық мемлекеттік қызметшілер мен бағынысты мекемелердегі қызметкерлер (білім, денсаулық, әлеуметтік) электрондық цифрлік қолтаңбамен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуларына жағдай жасау мақсатында 200-ге жуық «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» орнатылып, ХҚКО арнайы мамандар бекітілген.

Аталған қызмет көрсету бұрыштары – халық көп шоғырланған жерлерде ұйымдастырылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифралық қолтаңбаны қажет етпейтін көп сұранысқа ие анықтамаларды алу кезінде ұзақ кезекті болдырмау мақсатында қызмет етеді.

Айта кету керек, мұндай өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары бұған дейін «Қырғы» және «Айна»базарларында ашылған болатын.

Осылайша қаламыздың халық көп шоғырланған жерлерде азаматтардың цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға, бастысы уақыт үнемдеуге өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары  септігін тигізуде.

«Шымкенттің жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын республикалық маңызы бар қала мәртебесін ескеріп, алдағы уақытта барлық салада толығымен электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету жоспарлануда», дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жауаптылары.