«Нұр Отан» облыстық филиалының Саяси кеңесі мен қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Қауіпсіздік кеңесі отырысында қабылданған мәселелер мен 2019 жылға арналған міндеттер жайында айтты.
- Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қызылорда облысының бірқатар мәселелері қаралды. Атап айтқанда, су шаруашылығын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру, соның ішінде «Күміскеткен» су қоймасы құрылысы, сондай-ақ жаңа жылу электр орталығы мен Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды автомобиль жолының құрылысы, мұнай-газ секторын дамыту және тағы да басқалары. Барлық көтерілген мәселелерді Мемлекет басшысы қолдады және оларды шешу үшін нақты нұсқаулар берілді», - деді облыс әкімі.
Алқақотан отырыста партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің басшысы Жорабек Нұрымбетов, Қоғамдық кеңестің және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстанның Ресей қоғамы Қызылорда филиалының төрағасы Владимир Толоконников және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Самұрат Имандосов сөз сөйлеп алдағы атқарылатын жұмыстар жайында өз ойларын айтты.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы