• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 11 Ақпан, 2019

Қазақстандық оқушылар Лондоннан жүлделі оралды

560 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Лондон қаласында өткен "Vex Robotics Coмpetition-2019" сайысынан жүлделі оралды деп хабарлайды egemen.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық жас өнертапқыш ғалымдар "Vex Robotics Coмpetition-2019" сайысында өз жобаларын қорғап, үздік нәтижелер көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – ойын элементтерін ауыстыру арқылы максималды ұпай санын жинау болса, матч соңында әрбір команданың роботы сатының ең биік шыңына көтерілуі тиіс.

VRC-2019 алғашқы күні 8 квалификациялық матч өтіп, қазақстандық қыздар жетінші орында тұрақтады, ал ұлдарымыз үздік төрттіктің құрамына енді. Ойынның қорытынды кезеңінде командалар тағы 5 ойын ойнады. Ал ұлдар командасы финалға шығып, екінші жүлделі орынды иеленді. Skills challenge жеке есебі бойынша қыздар құрама командасы да екінші орынға табан тіреді. Жарыс төрешілері қыздар құрамасының белсенділігіне жоғары баға беріп, жасалған роботтың дизайны үшін «Judges Award» ерекше наградасын ұсынды. Осылайша, қазақстандық команда екі І орынмен (Skills Challenge and Judges Award) және екі ІІ орынмен оралды, бұл - өте жақсы нәтиже.

Жарысқа жалпы саны 32 команда қатысты: 24-і Ұлыбритания, алтауы Түркиядан және 2 команда Қазақстаннан. Қазақстанның намысын Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары - Бахтияр Теміров, Жәнібек Манабаев, қыздар құрамасында: Дильназ Камалова, Любовь Дудченко және Малика Бурибаева қорғады.

Команданың бұрынғы бапкері, робототехника және техникалық өнер зертханасының меңгерушісі Досмағамбет Нұрдаулеттің айтуынша, команда 4 жыл көлеміндегі робототехника бойынша атқарған жұмыстары барысында біраз жақсы көрсеткішке қол жеткізді.

Бүгінде қазақстандық команданы америкалық бапкер Thomas Loome жаттықтырады.