• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2019

Жетісудың студент жастары жатақханамен толық қамтылады

334 рет
көрсетілді

Алматы облысында студент жастарды  жатақханамен қамтуға байланысты жұмыстарда біршама ілгерлеушілік бар.

Бүгінде аймақта  2218 студентке арналған  11 жатақхана салу жұмыстары қолға алынды. Қазір құрылысқа қажетті  жер учаскелері белгіленген. Алдағы наурыз айында Талдықорғанда  288 орынға лайықталған жатақхана пайдалануға берілмек. Мұнан бөлек облыс орталығында Студентер үйі де  ашылғалы жатыр. Бұған дейін қаладағы «сақалды құрылысқа» айналған көп қабатты ғимаратты жастардың қонысына лайықтап қайта жаңғыртып, күрделі жөндеу жұмысын жүргізу басталды.

Ғимаратта студенттердің жақсы білім алуы мен тынығуына қажетті жағдайдың барлығы қарастырылуда. Мұнда 3 адамға арналған 96 бөлме жабдықталып, кітапхана, асхана, шағын кино залы, медицина пункті және студенттердің жеке қызығушылығына байланысты түрлі шеберханалар да ашылмақшы.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

 

Соңғы жаңалықтар