Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжге жаңа күйсандық сыйлады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
«Димаштың Америкадағы фанклубы мен әлемнің әр түкпіріндегі жанкүйерлері Ақтөбе музыкалық колледжіне сый жасауды қалады. Сонымен қатар Димашқа 4 жыл бойы дәріс берген Марат Әйтімовтің сыныбына деп айтты. Менің ойымша, бәрі де Димашты таныған күннен жанкүйер деп ойлаймын. Ал фанклубтың құрылғанына 2-3 жыл болды» деді әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева.