Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
13 ақпан күні Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс бағыттан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %.
13 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
Сондай-ақ,13 ақпанда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыс бағыттан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 18-23 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жететіні күтілуде.
Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %.