Қарағандылық 19 жасар әнші қыз Виктория Мищенко Чехия мен Словакия елдерінде теледидар арқылы таратылатын «Голос» шоу-байқауында қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді.
Жас дарынның вокалдық қабілетіне тәнті болған төрт қазы ән орындалып біткеннен кейін оның құрметіне түрегеп тұрып қол соқты.
Виктория Мищенко 3,5 жылдан бері Прагадағы Ярослав Ежек атындағы консерваторияда оқып жүр. Ол музыка өнерімен бала кезінен айналысады.
– Әзірге мен бірінші турдан өттім. Өзіме тәлімгер ретінде төрт қазының ішінен чех жастарының сүйіктісі Vojta Dyk есімді әншіні таңдадым. Мен үшін жеңістен гөрі байқауға қатысу әлдеқайда маңызды, – дейді Виктория.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды