Сенат отырысында Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарларды таңбалау ратификациясы туралы Заң жобасын талқылауға ұсынды.
Оның айтуынша, тауарлары таңбалау экономикаға тиімді. Ал Экономикалық саясат, инновациялық даму, кәсіпкерлік тұрақты комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов аталған заң жобасы 2014 жылы 24 мамырда қабылданған Еуразиялық экономикалық одақ шарттарына сәйкес саясатты жүргізу, тұтынушы құқығын қорғау ережелеріне бағынатынын айтып өтті.
Сенатордың сөзіне қарағанда, ратификациялау Еуразиялық комитет шешімімен енгізілуі мүмкін. Сондықтан оған дейінгі шаралар жақсылап талқыланып, қаралуы керек.
«Бұл тәжірибе экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Кейбір мемлекеттерде тауарлардың жекелеген түрін таңбалау тәжірибесі бар» деді С.Еңсегенов.
Аталған заң негізінде тауарлар белгілі позицияларға негізделіп таңбаланады. Тауар тізімі көбейіп, жаңа категориялар енгізу қарастырылған.