• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2019

Елордада тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті

470 рет
көрсетілді

«Астана» концерт залында қала тұрғындарын бүгін мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шараға Астана қаласы әкімдігі басқармаларының, «Елорда құрылыс компаниясының», аудандық әкімдіктердің, «Астана LRT», «Астана су арнасы», «Астана РЭК», «Астана теплотранзиттің» өкілдері қатысты.

Елорда тұрғындары проблемалы нысандарды салу, жер учаскелерін беру, өз бетімен қосымша құрылыстар мен ғимараттарды ресімдеу, тұрғын үйлерді бұзу, қоғамдық көлік жұмысы, аялдама павильондарын ұстау мәселелері бойынша өтініш білдірді.

Қабылдауда болған қаланың әрбір тұрғыны жеке тыңдалып, әр өтініш бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Барлық өтініштер бойынша атқарушы органдар тарапынан қажетті шаралар қабылданатын болады. Кездесу кезінде билік өкілдері 120-дан астам адамды қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, ертең 15 ақпанда азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде өтеді. Ашық есік апталығы 22 ақпанға дейін жалғасады.