• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Ақпан, 2019

Астана әкімінің орынбасары тағайындалды

547 рет
көрсетілді

Астана әкімінің өкімімен Арман Тұрлыбек қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Әкімнің жаңа орынбасары энергетика, коммуналдық шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауап береді.

Тұрлыбек Арман Алашұлы 1971 жылдың 6 мамырында Қарағанды облысында туған.

Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы (1993) Қазақстан-Ресей университеті (2005) Алматы мемлекеттік энергетика және байланыс университетін (2011) тәмандаған.

Сәтпаев қаласының бірқатар коммерциялық құрылымдарының басшысы (07.1993-12.1999); Сәтпаев қалалық мәслихатының хатшысы (12.1999-04.2000); Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары (04.2000-2007); «Қарағанды облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті» ММ директоры (05.2007-2008); Сәтпаев қаласының әкімі (04.2008-09.2008); Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және тарифтік саясат мәселелері жөніндегі орынбасары (09.2008-05.2010); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі (05.2010-12.2010); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы,Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бері Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі қызметінде болған.