• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Ақпан, 2019

Қостанайда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өтті

270 рет
көрсетілді

Кезектен тыс конференциясының бұрынғылардан басты ерекшелігі оның партияның 20 жылдық мерейтойына арналуы еді. Оған өмірдің барлық саласында абырой-беделге ие болған партияның ең таңдаулы белсенділері шақырылды. Партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Нұр Отан» партиясының уақыт үдесінен шығып, жаңа форматта жұмыс істейтініне тоқталды.

«Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. 20 жылдық бай тәжірибесі бар патияның бүгінгі цифрлы қоғамда да іс-қимылы табысты болады. Біз азаматтардың, қоғамның мүддесін алға тартамыз» деді Архимед Бегежанұлы.

Партияның көшбасшылығы оның халықпен, қоғаммен бірге болуына тікелей байланысты.

«Азаматтардың арыз-шығымын, өтінішін жедел сезіну, олардың жанынан табылу – біздің бірінші міндетіміз. Республиканың барлық аймағында партияның қоғамдық қабылдаулары құрылған, ол арқылы азаматтардың өмірлік мәселелері, түрлі проблемалары тығырықтан жол тапқандай шешіліп жатады» деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдыбай Бисембаев.

Конференцияда өңір басшысы нұротандықтарды Қостанай қаласының 140 жылдығын шынайы істермен қарсы алуға шақырды. Ол үшін жүз шақты кәсіпкерді жинаған басқосуда кімнің қандай істі қолға алатыны белгілі болады. Бір кәсіпкер үй салар, екіншісі көп балалы отбасына көмек берер, тағы бірі ескі үйлерді жөндер. Кәсіпкерлердің нақты ісі ғана мерекеге қомақты үлес болып қосылады.

Конференция соңында партия ісінде лайықты еңбегі барлар аталып, марапатталды.

 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай