Бокстан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күнінде екі боксшымыз келесі айналымға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыны жеңсе, 49 келідегі Теміртас Жүсіпов шотландиялық қарсыласынан басым түсті.
Бүгін шаршы алаңға 75 келідегі Ерік Әлжанов шығады.
Еске сала кетейік, Болгариядағы халықаралық турнирге Қазақстан негізгі құраммен қатысуда.