Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылдың міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Іс-шараға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Алқа және Қоғамдық кеңестің мүшелері, әкімдердің орынбасарлары, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, аумақтық департаменттердің басшылары және т.б. қатысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз сөзінде Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауында денсаулық сақтау саласының алдына медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша қойған міндеттеріне тоқталды.
Министр алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жақсарту мақсатында өткен жылы үлкен жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Атап айтқанда, жаңа учаскелер ашылды: ЖПД – 1 963 учаске (2017 жылы – 5 304, 2018 жылы-7 267); Педиатрия-208 учаске (2017 жылы – 1 850, 2018 жылы – 2 058); 1 ЖПД-ға дәрігерлік жүктеме азайды: 2016 жылы – 2 074 халыққа; 2017 жылы – 1 981 халыққа; 2018 жылы-1 773 халыққа МСАК қаржыландыру шеңберінде кешенді жан басына шаққандағы норматив 1 тұрғынға шаққанда 683-ден 819 теңгеге (20%) артты және 2018 жылы 379,1 млрд.теңге бөлінді (ТМККК-дан 40%). Сондай-ақ, 40 жастан 70 жасқа дейінгі жас топтарында скринингтерді қамту кеңейтілді. МСАК-қа профилиактикалық келу 3%-ға (300 мыңға), ауруларды басқару бағдарламасы бойынша 3 ауру бойынша есепте тұрған 229 мың пациентті (16% ) қамтыды, емдеуге жатқызу 2,5 есе төмендетілді. Бұл ретте, МСАК жеткізушілерінің саны-525, оның ішінде: жеке меншік – 232-ден 357-ге дейін өсті. 165 МСАК объектісі (2018 жыл), оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде-7,5 млрд. теңге сомасына 67 объекті құрылды. МСАК цифрландыру шеңберінде қабылдауға онлайн жазба енгізілді, адамдардың кезегі 2 есеге қысқарды (30 минуттан 15 минутқа дейін).
«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде еңбекақыны 20% арттыру механизмі көзделген учаскелік медицина қызметкерлеріне еңбекақыны арттыру бойынша ҚР ДСМ бұйрығы бекітілді, оқу бағдарламасы мен ауруларды басқарудың жаңа тәсілдеріне оқыту кестесі бекітілді және бүгінгі таңда 5,3 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды және осы жылдың соңына дейін 100% медицина қызметкерлерін оқыту жоспарланып отыр, МСАК қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 5,3 млрд. тг. (2019 ж.), медициналық ұйымдардың жалақысы төмен қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 27,1 млрд. теңге бөлінді»,- деді Елжан Біртанов.
Жедел және кезек күттірмейтін көмектің сапасын жақсарту, облыстардың деңгейінде жедел медициналық көмекті біріктіру (қала+ауыл) мақсатында медициналық көмек көрсетудің жаңа ережелері қабылданды. Жол жүру уақыты 40% қысқартылды, GPS-навигациямен– 83% жабдықталды,BLS– 77%, ACLS – 50%, автокөлік редизайны – 33% халықаралық стандарттарға оқытылды. Сондай– ақ, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде-18 медициналық ұйымда пилот жүйесініңТРИАЖЫ енгізілді. Шетелде 40 маман оқытылды, оның ішінде Түркияда – 24 (20 қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, 4 жаттықтырушы),- Израильде – 16 мейіргер, 555 медицина қызметкері триаж жүйеге оқытылды. «Жедел көмек дәрігері» мамандығы бойынша 340 адамды оқыту бағдарламасы енгізілді» деді министр.