• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Ақпан, 2019

Бақыт Сұлтанов: Астанада көпбалалы аналарға пәтерлер жалға беріледі

444 рет
көрсетілді

Астана әкімі халыққа есеп беру кездесуінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға басты назар аударды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Б. Сұлтановтың айтуынша, Астана әкімдігіне көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты көптеген сұрақ түседі. Әлеуметтік қорғау –  әкімдік үшін алдыңғы қатардағы басымдықты міндет.

«Көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.  Нақты ақпар анықталып жатыр. Қазіргі күні есептеу әдістемесінің ерекшеліктеріне сай 10 мың осындай отбасының тек 4% (барлығы 434 отбасы) ғана атаулы әлеуметтік көмек алуда. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Қанша қаражат бөлінгенмен, біз сол қаражатты тиесілі жерге жеткізе алмай отырмыз. Бұл сол отбасыларға бөлінген қаражат қой. Неге керісінше жағдай туындады? Мәселені қарастырып анықтадық. Ол жерде қарапайым адам түсіне бермейтін көп мәселе бар. Қазір ол біздің басты міндетіміз болып отыр», деді Б. Сұлтанов. 

Бұл ретте ол атап өткендей, барлық тіркелген отбасы өздеріне тиісті көмекті алу қажет. Ал тіркелмегендер тіркелуі керек.

«Бұл мәселені біздің алдымызға Елбасы қойып отыр. Әлеуметтік қорғау – бұл басты міндет. Бұл тек көпбалалы немесе аз қамтылған отбасыларға ғана емес, мүгедектер, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен басқа да санаттағыларға қатысты », деді қала әкімі.