• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Ақпан, 2019

Өткен демалыс маусымында Жетісуға 2 миллионға жуық турист келді

468 рет
көрсетілді

Ал Алакөл жағалауына демалушылар саны 1 млн адамға жетті. Бұл аймақтағы туризмнің дамуы бұрнағы жылдардың сәйкес мерзіммен салыстырғанда 22,2 процентке өскенін айғақтайды.

- Бүгінде Алматы облысының аумағында туризм инфрақұрылымы дамып келеді. Қазір бұл мақсатта жалпы 729 нысан қызмет көрсетсе, оның ішінде 189 қонақүй, 185 аңшыларға арналған үй, 250 демалыс базасы, 31 сауықтыру орны және 67 демалыс үйі мен басқа да 7 нысан жұмыс істейді, - деді бүгін тұрғындар алдында есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов.

Жалпы 2018 жылы 19 млрд теңге жұмсалған 44 туристік нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 33 нысан Алакөлдің жағалауында іске қосылыпты. Ал туризм саласындағы қызмет көрсету құны 12,9 млрд теңгеге жеткен.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы