«Алматы облысында жалпы көлемі 4192,5 гектарды құрайтын 6 индустриялық аймақты дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде» деді облыс әкімі А. Баталов тұрғындармен есепті кездесуінде.
Әкімнің айтуынша бүгінде «Талдықорған» индустриялық аймағының инфрақұрылымын салу жұмысы аяқталған. Ал «Қайрат» индустриялық аймағындағы жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта Боралдай» индустриялық аймағының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, «Береке» индустриялық аймағының инфрақұрылымын дамыту жобасы басталды. Сондай-ақ, «Қазбек бек», «Арна» индустриялық аймақтарының техникалық экономикалық негіздемелері әзірленуде.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы