• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Ақпан, 2019

Алматы облысы әр екінші тұрғынында «Электронды денсаулық паспорты» бар

355 рет
көрсетілді

Алматы облысының денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында жүзеге асқан «Жетісу» медициналық ақпараттық жүйесі алғашқы нәтижесін бере бастады.

- Бүгінде облыстағы денсаулық сақтау саласындағы барлық ұйымдар «Жетісу» медициналық ақпараттық жүйесіне 100 процентке қосылды. Оның ішінде аудандық деңгейдегі қамту 69,9 процентті құрады. Жақында Талдықорған қаласының жедел жәрдем станциясыа «Көмек 103» цифрлы жүйесіне толықтай қосылды. Бұл науқастардың шақыруын жедел қабылдап, дәргірелік көмекті уақтылы көрсетуге жол ашады, - деді бүгін тұрғындарға берген кезекті есеп беруі жиынында облыс әкімі Амандық Баталов. 

Жалпы, денсаулық сақтау саласында электронды форматқа 117 медициналық нысан көшкен. Қазір қағазсыз құжат айналымы 53 процентке дейін көбейді. Есеп бойынша өңір тұрғындарының 83 процентінде электронды денсаулық паспорты бар.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы