Бейсенбі, 31 мамыр 2012 7:41
Мұнай мен көмірсутекті шикізатты өндіру ісі елімізде, сондай-ақ бүкіләлемде техногенді апаттардың қаупімен қатар жүреді. Ашық газ жәнемұнай бұрқақтары да сол қатардан. Сондықтан бұрғылау құралдарының,ұңғылар мен құрылыс технологияларының жетілдірілуіне қарамастан,қазіргі күнде мұнай нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі өзекті болыпқалуда. Осы ретте біз мұнай-газ өндіру саласында қауіптің алдын алу,залалды құрықтау, мұнай-газ бұрқақтарының алдын алу және жаңажұмыстары жөнінде еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі «Кәсібиәскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚКбастығының орынбасары Әлібек БАЙЗАҚОВТЫ әңгімеге тартқан едік.
Бейсенбі, 31 мамыр 2012 7:41
Мұнай мен көмірсутекті шикізатты өндіру ісі елімізде, сондай-ақ бүкіләлемде техногенді апаттардың қаупімен қатар жүреді. Ашық газ жәнемұнай бұрқақтары да сол қатардан. Сондықтан бұрғылау құралдарының,ұңғылар мен құрылыс технологияларының жетілдірілуіне қарамастан,қазіргі күнде мұнай нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі өзекті болыпқалуда. Осы ретте біз мұнай-газ өндіру саласында қауіптің алдын алу,залалды құрықтау, мұнай-газ бұрқақтарының алдын алу және жаңажұмыстары жөнінде еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі «Кәсібиәскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚКбастығының орынбасары Әлібек БАЙЗАҚОВТЫ әңгімеге тартқан едік.
– Әлібек Құсайынұлы, әлемдік рынокта қара алтынның бағасы да, құныда жоғары екендігі белгілі. Осы орайда мұнай өнімдерін өндіру оңай емесекендігі рас. Сондықтан қазіргі кезде Каспий теңізінің қазақстандықбөлігіндегі мұнай және газ кен орындарының жалпы жағдайы қандай?
– Қазіргі кезде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қайраңында ірі тұзды жоғары күкіртті мұнай және газ кен орындары өңделуде. Бұл – Қазақстанның мұнай өнеркәсібі тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Батыс мұнай компанияларымен жүргізілген геофизикалық зерттеулер мәліметтері бойынша, Қашаған, Қайран, Ақтоты, Королевское және Теңіз мұнай кен орындары құрылымдары (резервуарлар) ұзындығы 160 шақырым аймақтан тұрады. Аномалиялы жоғары қысымды жоғары температуралы және құрамында күкіртті сутегі, сондай-ақ басқа да улы газдар, айналуы жойылған аймақ және қозғалмалы тұзды қыртыс, өзге де қиындықтар мен қаупі бар барлық тұзды мұнай резервуарлары оқ-дәріге толған ыдыс сияқты…
– «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, егер ол оқ-дәрілер кенеттенжарылар болса…
– Онда аталған мұнай кен орындарындағы ықтимал мұнай-газ төгінділерінің қоршаған ортаға әсері және салдары 1985 жылғы маусымда Теңіз кен орнының № 37 ұңғысында болған жойқын мұнай-газ төгінділеріне ұқсас болуы мүмкін. Ол кездегі апатты 398 күн бойына жоюға тура келген. Қоршаған ортаға 3,4 миллион тонна мұнай (шамамен Мексика шығанағындағыдан 15 есе көп!), 1,7 миллиард текше метр газ төгілген, соның ішінде 516 мың тонна күкіртті сутегі, 1 миллион тонна шамасында жанбаған көмірсутегі және 900 тонна қара күйе бар.
2010 жылғы 20 сәуірде Мексика шығанағында дүние жүзі тарихында бұрын болмаған экологиялық апат болды. Ол Жаңа Орлеанның (АҚШ, Луизиана штаты) оңтүстік-шығысынан 210 шақырымда орналасқан British Petroleum компаниясының Deepwater Horizon теңіз бұрғылау платформасында мұнай-газ төгінділерінің жарылысынан кейін орын алған еді. Жойқын экологиялық апат қоршаған ортаға қаншалықты жауапкершілікпен қарау қажеттігін көрсетті. Апат нәтижесінде 11 жұмысшы із-түссіз жоғалып кетті, ал Мексика шығанағын үлкен көлемде көмірсутегі шикізаты басып қалды. Материалдық, қаржылық және адам ресурстары аянбай жұмылдырылғанына қарамастан, техногенді апатты жою көп уақыт алды.
– Біздің енді Теңіз кен орнында болған жойқын апаттың қайталанбауына,Мексика шығанағында орын алған экологиялық апаттың болмауынакепілдік бар ма?
– Қазақстанда мұнай кен орындарын жылдам игеру, ғалымдар мен экологтардың пікірінше, қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Өйткені, елімізде ықтимал техногенді апаттарды жоюға арналған авариялық-құтқару базасы жоқ. Менің айтарым, Каспий теңізі қайнарын өңдеу мен игеру жобасын іске асыру кезінде жойқын апаттардың пайда болуы мүмкіндігінің ғылыми тұжырымы Каспийдегі төтенше жағдайларға дәл және тиімді ден қою бойынша мамандандырылған бірлескен ұйым құруды көздейді.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы Атырау облысына жұмыс сапары кезінде мүдделі мемлекеттік органдарға Солтүстік-Каспий экологиялық базасын және Каспийдегі төтенше жағдайларға дәл және тиімді ден қою бойынша мамандандырылған бірыңғай ұйым құру бойынша жоспарлы іс-шараларды бастауды тапсырды. Республика Үкіметі әзірлеген «Каспий теңізі қайнарын игерудің мемлекеттік бағдарламасы» теңіз, сондай-ақ жер операцияларын, зерттеу жұмыстарын жүргізуді, технологиялық нысандардың құрылысы мен іске енгізуді қарастырады.
Бүгінгі таңда министрлікте Каспийдегі төтенше жағдайларға дәл және тиімді әрекет ету бойынша мамандандырылған бірыңғай ұйым құру, апаттық жағдайларға алғашқы және жедел әрекет етуге арналған техникаға, арнайы стандарттық және ауыр құралдарға мониторинг жүргізу және сатып алу қажеттілігін анықтау, оларды сақтау мен қызмет көрсету, тиісті инфрақұрылымға сәйкес ғимараттар мен құрылыстар кешенін, тікұшақтарға арналған қону алаңы, құтқару және қосымша кемелер үшін айлақ салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мамандандырылған бірыңғай ұйым құру бойынша қаржылық жүктеме министрлік бюджеті үшін ауыртпалық туғызатындығын ескере отырып, республикалық бюджеттік комиссия мамандандырылған бірыңғай ұйымды Төтенше жағдайлар министрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық теңіз авариялық-құтқару бөлімшесі ретінде құру мәселесін қарастыру ұсынылды.
– Осы ретте құрылатын бөлімше қызметінің жұмысы қандай болмақ?
– Құрылатын бөлімше қызметінің мақсаты мен негізгі миссиясы ашық газ және мұнай атқыламаларының, теңізге мұнай төгілуінің алдын алу мен жою болып табылады. Сонымен бірге, технологиялық-мамандандырылған авариялық-құтқару міндеттерінен басқа ол теңізде адамдарға көмек көрсету, құтқару және көшіру, теңіз объектілеріндегі өртті сөндіру, суға кеткен кемелерді көтеру және төтенше жағдайлар аймағында су асты-техникалық жұмыстарды жүргізу бойынша мемлекеттік авариялық-құтқару міндеттерін атқаратын болады.
– Жоғарыда айтылған апаттардан сақтану үшін елімізде қазіргіуақытта төтенше жағдайлар қызметімен қандай жұмыстаратқарылуда?
– Кәсіпорын басшылығы газ, мұнай, судың пайда болуының, ашық мұнай және газ атқыламаларының, және теңізге мұнай төгілуінің алдын алу мен жою саласында халықаралық ұйымдармен техникалық тәжірибе алмасуға және «Ақ Берен» филиалдары мамандарының біліктілігін көтеруге аса үлкен көңіл бөледі. Мәселен, кәсіпорын бюджетінің жеке қаражаты есебінен ағымдағы жылы «Мұнай және мұнай өнімдерінің апаттық төгілуін жоюдың техникасы мен технологиясы, объектілердегі өрт сөндіру құралдары» бағдарламасы бойынша мұнай және мұнай өнімдерінің жер қыртысында, ішкі су қоймаларында және теңізде жағалау сызығында төгілуіне әсер ететін мұнай нысандарындағы апаттар салдарымен күрестің жаңа технологиялары мен әдістері оқытылатын Ұлыбританияда халықаралық мұнай апаттарын жою орталығы базасында 12 маманды біліктілігін көтеру курсынан өткізу жоспарланды.
Еліміздің саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және экономикалық дамудың жоғары қарқынын қолдауға мүмкіндік беретін, ішкі және сыртқы саясаты қазақстандық көмірсутегі шикізатының мұнай өңдеу саласына шетелдік, отандық инвесторлардың қызығушылығын туғызуы Каспийдегі төтенше жағдайларға тиімді әрекет етуге мамандандырылған бірыңғай ұйым құрудың қажеттілігін тағы да көрсетіп отыр.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».