• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2012

Орындалған арман

540 рет
көрсетілді

Орындалған арман

Сенбі, 16 маусым 2012 7:05

Мектеп қабырғасында жү­ріп-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуды армандайтынмын. Бірақ оқуға түсе аламын ба, жоқ па деген екіұдай пі­кірде болдым. Емтихандарды ой­дағыдай тапсырып, Қазақ мем­ле­кеттік медицина университетіне оқуға түскеннен кейін «Болашақ­ты» бағынды­руды шындап ойлана бастадым. Əрине, сынақтан «сү­рін­бей» өту оңай емес. Бұл жолда маған да біраз «терлеуге» тура келді. «Құ­ласаң нардан құла» дегендей, мен де бірден денсаулық сақтау саласындағы беделді оқу орнына «ен тақтым». Айым оңым­­нан туып, еңбегім еш кет­педі. А.Н.Бакулев атындағы жү­рек-қан­тамыр хирургиясы ғы­лы­ми орта­лығында білім алдым.

Бүгінгі таңда мен Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия­дағы маңдайалды емдеу меке­месінің біріне айналған «Ұлт­тық ғылыми кардиохирургия ор­талы­ғы» АҚ-да қызмет атқа­рамын. Орта­лықтың негізгі қыз­меті иннова­циялық медици­налық технологияларды қол­дана отырып, жоғары маман­дандырыл­ған кардиология­лық және кар­ди­охирургиялық кө­мек көрсе­туге бағытталған, сонымен қа­тар кардиохирургия, ин­тервенциялық кардиология салаларында науқастарға амбула­то­риялық тексеруден бастап, жо­ғары мамандандырылған кө­мек көрсетуге, кешенді оңал­туға де­йін ғылыми-ағарту жұ­мы­сымен де айналысады. Бұған қоса, Ор­талық республиканың аймақтық кардиологиялық және кардиохи­рур­гиялық орталық­та­ры мен бө­лімдеріне әдістеме­лік-ұйымдас­тыру және кеңес беру көмектерін көрсетеді. Ашыл­ға­нына бір жыл енді тол­ғанына қа­рамастан, орта­лығы­мызға шетелдерден келіп, ем алып жатқан азаматтар бар­шы­лық, олар­дың саны бо­ла­шақ­та арта бере­ріне сенімім мол.

Кардиохирургиялық орта­лық базасында 2011-2014 жылдар ара­­лы­ғында қазіргі заманғы диаг­нос­тикалық зерттеулерді қол­данып туабіткен және кейін пайда болған сырқаттарды хи­рур­гиялық емдеу бойынша 20-ға жуық инновация­лық меди­цина­лық технологияларды енгі­зу жос­парланған. Ұлттық ғылы­ми кар­диохирургиялық орта­лы­ғын­да жылына орта есеппен 2 000 операция жасау көзделіп отыр.

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші менің де бала арманым орындалғаны хақ.

Дархан СҮЙГЕНБАЕВ,

дәрігер-кардиохирург.