Сейсенбі, 19 маусым 2012 7:38
Астанада Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында «Ана мен баланың өзекті мәселелері» атты республикалық конференция өтті.
Оған акушерлік және гинекология, перинатология, педиатрия, балалар хирургиясы, анестезиология және реаниматология сияқты салалар бойынша өз еліміздің мамандары, сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Польша, Германия, Ресей, Украина сияқты елдерден келген ғалымдар мен дәрігерлер қатысты.
Орталықтың құрылу күніне тұспа-тұс келген конференцияда отандық медицинаны дамытудың болашағы, клиниканың жинақтаған тәжірибесі мен жетістіктері жайлы әңгіме қозғалды.

Қазіргі кезде құрылғанына 5 жыл болған орталық жұмысында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалы, 2009 жылы желтоқсан айында АБҰҒО-да алғаш рет Қазақстанда созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар жаңа туған нәрестелердегі перитонеальды диалезі, зағиптылықтың алдын алу үшін нәрестелердің көз торын лазерокоагуляциялау ендірілді. Орталықтың базасында еліміздегі алғашқы және жалғыз неонатальдық хирургия (жаңа туған нәрестелер хирургиясы) бойынша өңірлік үйлестіру орталығы жұмыс істейді. Биылғы жылдың сәуір айында алғаш рет елімізде АБҰҒО мамандары ресейлік әріптестерімен бірігіп, миелобласты лейкозаға шалдыққан 14 жастағы балаға жілік майын аллогенді трансплантациялау операциясын жасады. Орталық пациенттің қауіпсіздігін арттыру және емдеу саласын жақсарту саласындағы медициналық ұйымның «алтын стандарты» саналатын JCI аккредитациясын ала отырып, халықаралық деңгейге қол жеткізді.
Конференция жұмысының аясында отандық және шетелдік мамандар секциялық отырыстарда ана мен баланың өзекті мәселелерін талқылады. Мысалы, кеше тыңдаушыларды туа біткен даму кемшіліктерінің профилактикасымен тұқымқуалаушы ауруларды қоғамдық бақылау қорынан мажарлық маман Эндрю Цейцель таныстырды. Гетинген университетінің профессоры Вольфганг Вутке (Германия) гинекологиялық метабологиялық синдромдардың алдын алуда және емдеуде қолданылатын қазіргі заманғы амал-тәсілдері туралы баяндама жасады.
Жалпы, екі күнге созылатын жиында көп мәселелер қаралды. Ресейдің профессорлары А.Семячкина мен О.Зиновьева «Орфанды аурулар» тақырыбы бойынша практикалық сессияны, ал психоневрология бөлімшесінің меңгерушісі А.Жақсыбаева, француз және ағылшын профессорлары Оливье Дюлака мен Колина Кеннеди, отандасымыз М.Л.Депесованың қатысуымен ауыр эпилепиялық энцефалопатия бойынша сессия жүргізді. Барлығы гастроэнтерологиялық, ревматизм және эндокринді ауруларды емдеудің өзекті мәселелеріне байланысты 5 практикалық сессия өткізілді. Сонымен бірге, іс-шараның онлай-трансляция арқылы шеберлік-сыныптары өткізіліп, оталар жасалды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».