• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2012

Көшбасшылыққа қадам

421 рет
көрсетілді

Көшбасшылыққа қадам

Жұма, 10 тамыз 2012 19:46

Елордадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта өткен баспасөз мәслихаты осы орта­лық­тың қатысуымен іске асып жатқан «Ғаламдық көшба­с­шы­лыққа жету» жобасының бірін­ші кезеңінің қорытын­ды­ларына арналды.Алдымен сөз алған «Ұлттық медициналық орталық» акцио­нерлік қоғамының директоры Абай Байкенжин «Ғаламдық көшбасшылыққа жету» жобасы туралы әңгімелеп берді. Бұл АҚШ-тың Stemedika компаниясы мен өз еліміздегі Ұлттық-ғылыми орталықтың бірлесуі­мен бес жылға жоспарланған айтулы жобалардың бірі екен. «Жобаның мақсаты, аты айтып тұрғандай, медицина саласында көшбасшылыққа жету.

Жұма, 10 тамыз 2012 19:46

Елордадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта өткен баспасөз мәслихаты осы орта­лық­тың қатысуымен іске асып жатқан «Ғаламдық көшба­с­шы­лыққа жету» жобасының бірін­ші кезеңінің қорытын­ды­ларына арналды.Алдымен сөз алған «Ұлттық медициналық орталық» акцио­нерлік қоғамының директоры Абай Байкенжин «Ғаламдық көшбасшылыққа жету» жобасы туралы әңгімелеп берді. Бұл АҚШ-тың Stemedika компаниясы мен өз еліміздегі Ұлттық-ғылыми орталықтың бірлесуі­мен бес жылға жоспарланған айтулы жобалардың бірі екен. «Жобаның мақсаты, аты айтып тұрғандай, медицина саласында көшбасшылыққа жету. Ол бірне­ше кезеңмен іске асырылады. Атап айтар болсақ, елімізде халық­аралық стандарттардың және хаттамалардың енгізілуі, шетелдік пациенттердің қаты­сумен бірлескен клиникалық сынақтар өткізу, Орталық базасында FDA (АҚШ) сертификаты бойынша өндірістік зертхана салу, сонымен бірге FDA талаптарына сәйкес АҚШ аймағында қазақстандық жасуша технологияларын сынақтан өткізу және халықаралық патенттер шығару барысында жобада көзделген мақсаттарға жетеміз», – деді орта­лық директоры.

Аталған жобаның шеңберін­де 2010 жылы Ұлттық медици­налық орталықта жасуша технологиялары және оларды медицинада қолдану үшін FDA (АҚШ) сертификатымен зертхана ашыл­ған. Осы зертханада АҚШ-тан келетін науқастарды емдеуге келісім-шарт жасалды. Алғашқы пациенттер 2010 жылдың жел­тоқсанында келе бастады. «Дің жасушалары арқылы трансплантация жасаудың қауіпсіздігі мен нәтижелілігі белгілі болған соң, біз америкалық тараптармен келісім-шартқа отырдық. Бірақ бұл жерде тек америкалық пациенттерді емдейміз деген ой тумауы тиіс. Өйткені, біз ең алдымен өз отандастарымызға көмек көрсетуді мақ­сат етеміз. Осы зертхана ашыл­ғалы бері өз еліміздің 3 жарым мыңдай тұр­ғынына дің жасушалары трансплантталды. Сондай-ақ, біз отандастарымызға тегін қызмет көрсетеміз», – деді Абай Байкенжин.Орталықта өткен баспасөз мәслихатына Stemedika компа­ния­сының директоры Дэвид Хоу, түрлі ауруларға шалдыққан, бірақ дің жасушаларының көмегімен жағдайы жақсарған бірнеше америкалық пациенттер қатысты. Дэвид Хоу Қазақ­стан­дағы, оның ішінде Ұлттық ғы­лы­ми медициналық орталық­тағы дің жасушалары зертхана­сының әлемдегі теңдессіз зерт­ханалардың бірі екенін, мұнда өз ісінің нағыз шеберлері еңбек етіп жатқанын айта келе, қазақ­стандық әріптестеріне риза­шылық білдірді.

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан».