• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2012

Дәрігерлерге зәрулік

358 рет
көрсетілді

Дәрігерлерге зәрулік Сенбі, 25 тамыз 2012 5:58

Қарағанды аймағында айрықша сезіледіСоңғы жылдарда өндірісті өңірде де денсаулық сақтау саласы күрт өзгеріске енді. Қала­ларда, аудан орталықтарында іші-сырты жарқыраған ауруханалар мен емханалар пайда болып, тұрғындар арасында сырқат­тардың алдын алу және емдеудің осы заманғы қызметі қалып­тасты. Мұндай жағымды құбы­лысты мойындамауға болмайды. Алайда жағдай біржола жақса­рып кетті деу артығырақ болар еді. Медициналық мекемелер жаңа жабдықтармен барынша жасақталып, ең ізгі іске қарым-қабілет арттырылып жатса да өткенде де шешімін табуы қиын болған, бүгінде де сол қалпын­дағы мынадай мәселе әлі күн тәртібінен түсер емес.

Сенбі, 25 тамыз 2012 5:58

Қарағанды аймағында айрықша сезіледіСоңғы жылдарда өндірісті өңірде де денсаулық сақтау саласы күрт өзгеріске енді. Қала­ларда, аудан орталықтарында іші-сырты жарқыраған ауруханалар мен емханалар пайда болып, тұрғындар арасында сырқат­тардың алдын алу және емдеудің осы заманғы қызметі қалып­тасты. Мұндай жағымды құбы­лысты мойындамауға болмайды. Алайда жағдай біржола жақса­рып кетті деу артығырақ болар еді. Медициналық мекемелер жаңа жабдықтармен барынша жасақталып, ең ізгі іске қарым-қабілет арттырылып жатса да өткенде де шешімін табуы қиын болған, бүгінде де сол қалпын­дағы мынадай мәселе әлі күн тәртібінен түсер емес. Ол не делін­генде, білікті дәрігерлер және орта буын мамандарға зәрулік қайдан да алдан шыға­тынын айтар едік. Бір өзінен жылына 450 түлек ұшатын, соның 230-ы облыста қалатын медици­налық университеті, 4 арнаулы колледжі бар аймақ қажетті кадр­ды толықтай қамтамасыз етуге қол жеткізбей келеді.

Осы орайда деректер не дей­ді? Оған сүйене сөз сабақтасақ, өңір денсаулық сақтау саласында 5 мың дәрігер, 10 мыңға тарта кіші медициналық қызметкер еңбек етеді. Бұл халқының саны 1,5 миллионнан асатын аймаққа жеткілікті ме деген ойға келсек, жеткіліксіз саналады. 10 мың тұрғынға шаққанда орташа есеппен 35 ғана маманнан келуі қа­лыптылық деңгейден төмен екені экономикалық та, әлеуеттік те жа­ғынан мықты өлкеге жараспайтын жай демеске болмайды. Ал ол орта құрамды есептемегенде, облыс бойынша 371 дәрігер же­тіспеуін байқатады. Соның ішін­де ресми мәліметке қара­ғанда, селолық жерлер 41-іне зәру. Әйткенмен, осы соңғы дерекке күмәніміз бар. Егер тек Қарқа­ралы жағы 14-ін көзі төрт болып күтіп отырса, басқа 8 ауданға қа­жеттісі бұдан кем соғады дей ал­майсыз. Мұның өзі оларға жүк­темелерді еріксіз арттыруға әке­ліп соғуда. Жұ­мыс ауқымы­ның ұл­ғаюына байланысты асы­ғулы, шаршаулы дәрігерден сапалы қыз­­­мет, жылы қа­бақ күте алмайсыз, әрине. Меди­циналық және фар­ма­цевтикалық бақылау жөнін­дегі облыстық департаментке кейінгі кезде тұр­ғындар тарапынан қызмет сапасына өк­пе-реніштің жиі түсуі соның бір айғағы деуге болады.Мақаланы жазу үстінде ойға оралмай қоймай отыр. Сонау жылдарда Қаражал қаласындағы ауруханада оташы, онколог, рент­генолог, отоларинголог, кардиолог, терапевт, педиатр дәрі­гер­­лер жетіспеуін білуші едік, бүгінде одан сайын азаймаса өспеген. Бос орындарды толтыру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына жылма-жыл тапсырыс түсіріліп жатады. Бірақ сол бойынша келушілер ілуде-біреу. Оның өзінде аз уақыттан соң тайып отырады. Амалдары не, сырқатқа шалдыққандар Жез­қазған әлде Қарағандыдағы емханаларда тексерілуге мәжбүр, әркез солай қарай сабылып жатады. Мұндай жағдайды балқаш­тықтар да басынан кешіруде. Бірде осы бағыттағы поезға мін­генімізде сапарластарымыздың біразы Қарағандыдағы онко­ло­гиялық орталыққа қаралуға, ауруларын анықтауға келіп-қайтып бара жатыр екен. 70 мыңнан ас­там тұрғыны бар қаладағы жал­ғыз-жалқы онколог кімге же­теді?! Ал мұнда қатерлі дерттен үркушілер жылдан-жылға көп. Қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы кесапатты өршітіп барады. Сонда да онкологиялық бөлімше құру ойластырылмауы түсініксіз. Жәйрем, Шахтинск, Саран қалалары мен Шахан, Ақадыр, Ақсу-Аюлы кенттерін­дегі ауруханалардың күйінішті жай-күйі қашан түзелері белгісіз.Бұдан үш-төрт жыл бұрын Қарқаралыда не қажеттінің бә­рімен жасақталған ғажайып ме­дициналық кешен пайдалануға берілгенде «Шіркін, енді жас мамандар қатарымызды толықты­рып жатса, тіптен тамаша болар еді» деп айтылған тілектерді ұмыта қойған жоқпыз. Жақында сұрастырсақ өкінішке қарай, айтылған күйінде қалыпты. Әлі 12 дәрігер жетіспейді. Егінді­бұлақ пен Қарағайлыдағы ауруханалар тым болмаса 1-2-уі келіп қосылса аспанға бөрік лақтыр­мақ. Қарқаралыдағы шетелдерден қыруар қаржыға сатып алынып, орнатылған соңғы үлгідегі қондырғылардың игілікке жаратылуынан, бос тұруы жиі. Өйт­кені тілін білетін мамандар бірде бар, бірде жоқ. Ботақара кен­тіндегі аурухана да бір қарағанда іші-сырты жарқыраған-ақ. Алайда аталған мәселе салдарынан қызметтің барлық түрі көрсе­тілуге қол қысқа. Киевка кентін­дегі медициналық кешенде де осындай жай. Оның үстіне бұ­рын емхана болған жапсарлас бір жақ бөлігіне аудандық әділет, мұрағат бөлімдері, тұрғындарға қызмет көрсету орталығы қосақ­тасып орналасып алыпты. Соған байланысты науқастарды қабыл­дау, жатын бөлмелері, емдеу жүргізілетін орындар тарылған. Бірнеше жылдан бері бір бүйір­ден түйілген жоғарыдағы меке­мелердің әзірге басқа жерге ауысар түрлері көрінбейді.Біз қай жер болсын, дәрігер­лерге зәру екенін еске салдық. Ал енді бұл мәселе мәлімсіз емес, сондықтан соның шешімі табылуына азаматтық тұрғыда ынталы болуға тиіс жас мамандар сөзіміздің бастапқы тұсында тұспалдағанымыздай жыл сайын арнаулы оқуды аз бітіріп жатпайды. Тағы да салыстырып қа­райық. Мысал үшін Қарағанды мемлекеттік медицина универ­ситетінен биыл 230 түлек қанат қаққаны айтылды. Әр жылда осын­дай. Сонда да аға әріптес­тері қатары толықпақ таяу кез көрінбейді. Боса-болмасын ауыл жаққа баруға ниет етушілер тіпті сирек. Көтерме ақы төлеу, ретіне қарай қиындықсыз баспаналы қылу, әйтпесе жеңілдік несие беру арқылы көмектесу сияқтылы қамқорлық құшағы ашық бол­ғанымен-ақ онша аяқ басылмайды. Алдында аудандық әкімдік­тер мен оқу орны және ниеттілі тұлға арасында жасалған шартқа келісушілер артынан айнып шы­ға келеді. «Маған тағы қандай жеңілдіктер, кепілдіктер бар» деп шақырылған жаққа бару-бармауды бұлдайтын әрекеттер кездеседі. Әсілі, қойылған шарттар сақталуын, уәдені пәрменді талап етуді күшейту қажет пе, қалай дегенде де шара ережесі қатайтылуы керектігі тұр.Осындайда қалайша ойға орал­масқа. Кезінде жас кадрлар еңбек жолын көп ретте ауылдан бас­тап, шыңдалыс ұштаушы еді ғой. Осы Қарағанды дәрігерлер мек­тебінің алғашқы қарлығашта­рынан академикке көтерілген Төрегелді Шарманов, Ғабдолла Құлқыбаев, атақты «Алатау», «Оқжетпес» сауығу орындары­ның бұрынғы директоры Әбіл­хакім Ақмурзин, белгілі онколог, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қани Мұсылманбеков, қала берді қазіргі Денсаулық сақ­тау министрі Салидат Қайыр­бекова бірлері Ұлытау­дағы, Жа­ңаарқадағы, Жезқазған­дағы, Нұ­радағы ауылдық ауруханалардан өскенін ізбасарлары білер ме екен. Міне, ел алдындағы парыз пен қалаған мамандық шарапатын ең қажетті ортаға арнау­дың көз алдарындағы үлгісі қандай десеңізші. Біліктілікті, кәсіби­лікті беріктіретін, қиындықты жеңе білуді үйрететін, сырқат­тарға деген жан жылылығын кеңейтетін мұн­дай үлкен мектептен өту – біле біл­генге кө­ңілге түйер қымбат сабақ, бойды қайратар қайрат емес пе?Адамның саулығы қашаннан қоғамның байлығы саналған. Мемлекет басшысы қойған мін­деттің бірі – денсаулық сақтауды жаңғырту және саламатты өмір салтын дамыту. Сол игілікті істі жарастыру мен жалындату жа­уап­­кершілігін, басым салмағын жас дәрігерлер көтере, үлесіне ала түседі, қоғам мүддесі, жұрт тілегі түсініледі, бұл мәселенің түйінін өздері шешуге құлшы­нады деген үміт ақталып жатса, жағымдысы сол көпшіліккке.Айқын НЕСІПБАЙ,«Егемен Қазақстан».Қарағанды.