• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2012

«Дауға нүкте қоятын кез жетті» дейді оңтүстікқазақстандық бір топ бас дәрігер

303 рет
көрсетілді

«Дауға нүкте қоятын кез жетті» дейді оңтүстікқазақстандық бір топ бас дәрігер Жұма, 31 тамыз 2012 7:13

Еліміздің әлеуметтік жаңғыртылуының басты қадамдары ең алдымен білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардан көрінеді. Адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі, дәрігерлік қызмет көрсетуді жақсарту, тұрғындарға қалыпты өмір сүріп, тиімді еңбек ету үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды міндетке айналып отыр. Осыған орай, Оңтүстікте қолға алынып жатқан жұмыстар аз емес. Соңғы үш жылда мектепке дейінгі 723 мекеме іске қосылды. 158 мектеп, 133 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 59,4 миллиард теңге қарастырылған. Осы саланың 64 нысанының құрылысына 5,8 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 56 нысанды іске қосу жоспарланған. Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,2 миллиард теңге бөлініп, жарақталу көрсеткіші 39,5 пайыздан 49,8 пайызға жетті. Мұның бәрі, сайып келгенде, Елбасымыз тапсырған міндеттерді шешуге, қарапайым адамдардың жағдайын жақсартуға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға әкелетіні аян.

Жұма, 31 тамыз 2012 7:13

Бірақ неге екенін қайдам, мемле­кетіміз медицина саласына қаржыны үйіп-төгіп, ақ желеңді ағайындардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасап отырса да соңғы уақытта Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басынан дау кетпей-ақ қойды. Кез кел­ген биік мақсатқа бірлік пен ынты­мақтың арқасында ғана жетуге болады емес пе? Бірлік, ынтымақ орнамаған жерде бақ та, береке де болмайды. Міне, Оңтүстіктің дәрігерлері арасын­дағы алауыздық арнасынан асып, топ-топқа бөлініп, бір-бірімен айтысып-тартысу­дың салдарынан болар осы саланың тірлігінен береке кеткендей… Әйтеуір бұл жақтың ақ желеңді жандары арасында бір мазасыздық, алаң­дау­шылық, көңіл толмаушылық бар екені айдан анық. Бұған кім кінәлі? Осы жағдайға қалай жеттік?

«Бұл жағдайға Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқарма­сының бастығы Жұмағали Исмайлов тікелей кінәлі», дейді таяуда «Егемен Қазақстан» газетінің осы облыс­тағы тілшілер қосынының есігін қақ­қан бір топ бас дәрігер. «Шыдамның да шегі бар. Облысымыздың денсау­лық сақтау жүйесіндегі жөнсіздіктің күннен-күнге ұлғаюы, белең алуы сіздерге шағым­дануға мәжбүр етіп отыр. Жергілікті, республикалық ба­с­па­сөз беттерінде жиі сыналып, ғалам­тор жүйесінде облыс әкімінен бастап Денсаулық сақтау министрінің, Үкімет басшысының, тіпті, Елбасы сайтына дейін түсіп жатқан арыз-шағымдардың тұрақты кейіпкеріне айналған Оңтүс­тік Қазақ­стан облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының бастығы Ж.Исмайловқа қатысты дауға нүкте қоя­тын кез жетті деп ойлаймыз.

Мемлекет басшысының саралы, са­лиқалы саясатын насихаттайтын, осы­ның арқасында елімізде жүзеге асып жатқан оң нәтижелерді жариялайтын қара шаңырақ – «Егемен Қазақстан» газетінде үсті­міз­дегі жылғы 26 мамыр күні Шарафаддин Әміровтің «Нүктесі қойылмайтын дау» атты сын мақаласы жарық көрді. Онда облыстың медицина саласында өткен тендерлерде бас­шы­лардың кінәсінен үнемделмей қал­ған бюджет қаржысы – 1 миллиард теңгеге қаншама шағын аурухана, емхана салуға болар еді… деп айтылған. Біздер, яғни облыстық денсаулық саласында ұзақ жылдар қызмет істеп, ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатқан медицина ұйымдарының басшылары бұл мақалада айтылған деректердің барлығы да түгелдей шындық екенін растаймыз.

Ж.Исмайлов шындықты бетке айтатын, өзінің оң жамбасына келмейтін басшыларды қудалауға ұшыратуды әбден меңгеріп алды. Дәрігерлер ғана емес, мемлекеттік сатып алуға қатысу­ға ниеттенген мердігер компаниялар басшыларының да көпшілігі оның көрсеткен зәбірін айтып, еңірегенде етегі жасқа толады. Соған қарағанда олардың «тендерді ұту үшін алдын ала 20 пайыз сыйақыны апарып бермесең, жеңіліске ұшырайсың» деген әңгіме­лерінің астарында бір шындықтың бары рас-ау деген күдікті ой келеді. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылда­майды» деген халық нақылына сүйе­нер болсақ, бұл мәселенің де тиісті органдар тарапынан тексерілуі қажет-ақ.

Жемқорлық, тендердегі әділетсіз­дік секілді мәселелер тек денсаулық сақтау ғана емес, өкінішке орай, басқа да салаларда арагідік көрініс тауып жүр ғой. Осы ашық хатты жазуымызға мәж­бүрлеткен жағдай ол ғана емес. Біз­дің шымбайымызға бататыны – Жұ­мағали Исмайлов мырзаның басшы ре­­тіндегі рухани, адамгершілік, мо­раль­дық-эти­калық бет-бейнесі. Исмай­ловтың ойына келгенін істейтін әпер­бақан есер­лі­гіне осыған дейін жас­ты­ғы болар, лауазымды қызметтің буына балқыған мастығы болар деп кеңдік­пен, төзім­ділікпен, тіпті кеші­ріммен де қарап келген едік. Бірақ, Исмайлов мырза ұртоқпақтығын үдеткен үстіне үдете түспесе, айылын жиятын түрі жоқ.

Қайсыбірін айтайық. Исмайловтың шатақ мінезін, шектен шыққан әре­кетін апта сайын өтетін лездемелерде көріп жүрміз. Медицинаға қатысты күрделі мәселелерді тыңғылықты түрде байыппен, жан-жақты талқылау атымен жоқ. Оның орнына екі-үш сағатқа созылатын жиында Исмайлов билік-үстемшілдігін көрсетіп, қоқан-лоққы жасайды. Көпшіліктің алдында әрбір бас дәрігердің намысына тиеді. Қызметкерлерді табанына салып таптаудан ләззат алып, рахаттанатын секілді. Кейде тіпті дәрігерлерді залдан қуып шығып, жәбірлеуімен тынады. Өзекті мәселелерге қатысты ешбір бас дәрігер өз ойын ашық айта алмайды, өйткені оны Исмайлов мырза тыңдамайды да. Сөйлей бастаған бас дәрігерлерді тоқтатып қойып, келемеждеп мұқатып, мысқылдап, елдің алдында мазаққа айналдыра бастайды. Соңғы мысалдардың бірі – 6 мамыр күні өткен лездемеде қалалық мәсли­хаттың депутаты, Арыс қалалық ауру­ханасының бас дәрігеріне «Депутат болсаң өзіңе депутатсың. Мне плевать на твое депутатство!», деп айғайлап, 200 дәрігердің алдында абыройын тө­гіп, намысын қорлады. Халық қалау­лысына түкіргені халыққа түкіргені емес пе? Әрине, «мұның қалай?» деп, аузын ашқан жан табылмады. Себебі, Исмайловтың «қара тізіміне» іліккен адам жұмысынан айырылады. Сонда қалай, алдына келген қызметкердің жасының үлкен-кішілігіне қарамай намысына тиіп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатыны, бетінен алып, төсіне шауып, жер-жебіріне жетуі, орынды-орынсыз әкіреңдеуі Ж.Исмайлов мыр­заның күнделікті басқару әдісіне ай­нал­ғаны ма? Басқару мәдениетіне емес, басыну мәдениетсіздігіне сүйен­ген басқарма басшысының мұндай әре­кеттері бас дәрігерлерді құлдық са­наның қақпанына итермелеп бітті.

Басшылық және кәсіптік этикадан жұрдай «Сіз» бен «Сеннің» аражігін ажырата алмайтын бұл басшы ден­саулық сақтау саласының арына түс­кен дақ, көзіне шыққан сүйелге айнал­ғандай. Дәрігерлерді құлдық сананың тоздырғаны соншалық, барлығы басын иіп «ләппай, тақсырдан» басқаны білмейтін тобырға айналып бара жатыр дерсің. Азаматтық, адами, кәсіби құқығымызды талап ете алмайтын, жоғымызды айтып, барымызды қадір­леуге шамасы жетпейтін жігерсіз, мү­сәпір халге жетіп келеміз.

Ж.Исмайлов онымен қоймай лездемеден кейін бас дәрігерлерді жеке-жеке өз кабинетіне шақырады. Осындайда бастықтың көңілдегісін таппаған бас дәрігерлердің талайының тағдыры тәлкекке түскені жасырын емес. Қор­қытып-үркітіп өз еркімен жұмыстан босануға арыз жаздырып алып, есе­сіне кадрлық бизнесті гүлдендіруде. Осындай келеңсіз жағдайларды көре отырып, көзжұмбайлыққа сала берсек, көсегеміз қалай көгермек? «Шаш ал десе бас алып» бас қамымен ғана жүрген шенеунік елдің, халықтың қамын ойлай ала ма? Осы жәйттер жауапты басшыларға қаншама жазылса да нәтиженің шығар түрі жоқ.

1999 жылы 23 шілдеде қабылдан­ған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 9-бабындағы «Мемлекеттік қызметкердің негізгі міндеттері» көр­се­тілген. Осындағы 7-тармақтың «қыз­меттік этика нормаларын сақтау туралы» және 3 баптағы «қызметтік құқы­ғын асыра сілтемеу» туралы жазылған талаптар Ж.Исмайлов мырзаға әзірге жүрмей тұр. Облыстық денсаулық сақтау саласын шиеленіс пен шырға­лаңға салғанын, жоғарыда аталған былық-шылықтарға жол бергенін на­зарға ала отырып, Исмайлов мырзаға шара қолданылуы тиіс деп есептейміз. Дә­рігерлер қауымының осы пікірі еске­рілсе деген үміттеміз».

… Бас дәрігерлер осы айтылған жәйттердің барлығын қағазға түсіріп, Мемлекет басшысының, ОҚ облысы­ның әкімі А.Мырзахметовтің назарына және тағы бірнеше құзырлы орган басшыларына ашық хат түрінде жолдап отыр екен. Хат соңына 10 бас дәрігер қол қойыпты. Атап айтқанда, С.Бек­жігітов, облыстық кардиология дис­пан­серінің бас дәрігері, облыстық мәс­лихаттың депутаты С.Рахымбердиев, облыстық қан орталығының бас дә­рі­гері, М.Азбеков, «Мұрат-Дантист» кли­никасының бас дәрігері, А.Ошақ­баев, Қазығұрт аудандық туберкулез ауруханасының бас дәрігері, Қ.Оңал­беков, облыстық жүйке аурулары ауру­ханасының бас дәрігері, Ә.Сәлімбеков, облыстық наркодиспансердің бас дә­рігері, И.Төлеев, Т.Орынбаев атында­ғы облыстық жоғары қысымды отте­гімен емдеу орталығының бас дәрігері, М.Көкенова, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері, К.Ыдырысов, «Доро» клиникасының бас дәрі­гері, Ә.Сұлтанбеков, облыстық дез­стан­саның бас дәрігері.

Оңтүстіктің денсаулық сақтау са­ласындағы дау туралы «Егемен Қазақ­стан» газеті бұған дейін «Нүктесі қо­йылмайтын дау» атты мақала жа­рия­лағанын жоғарыда айттық. Шынында күні бүгінге дейін даудың аяқталатын түрі жоқ. Қайта керісінше, күннен-күнге өршіп, кеңге жайылып барады. Біз жоғарыдағы ашық хатта айтылған жайттердің анық-қанығын білмек болып, ОҚО денсаулық сақтау басқар­ма­сының бастығы Жұмағали Исмайлов­тың өзіне жолықтық. Екі арадағы қысқаша әңгіме былайша өрбіді.

– Ашық хатта тендер қаржысының белгілі бір пайызы сыйақы ретінде беріледі деген күдік айтылған. Бұған не айтасыз?

– Ол бас дәрігерлердің тендер жұ­мысында шаруасы болмасын. Олар­дың тендеріне тиісіп жатқан ешкім жоқ. Бұл тірлікті қадағалап, тексеріп отыратын арнайы комиссия бар.

– Кадрларды қудалайды, тым дө­рекі, қызметкерлердің намысына тие­тін сөздер айтады, кейбірін жиналыс­тан қуып шығады деген жолдарға не айтуға болады?

– Мен тек жұмыс талап етемін, жасыратыны жоқ, кей бас дәрігерлер жиналысқа дайындықсыз келеді. Сондайларға тілімнің тигені рас. Мен тек жұмысты талап еттім.

– Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақ­станның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қа­рай 20 қадам» атты тұжырымда­ма­сын­да еңбек дауларының алдын алу, ки­кілжіңді мейлінше азайту туралы ке­ңінен айтқан болатын. Сіз неге осы бас дәрігерлерді қабылдап, сөйлесіп, дауды тұтандырмауға қадам жасама­дыңыз? Бас дәрігерлер сіздің қабыл­да­майтыныңызды айтып шағымданады.

– Ол бас дәрігерлерге менің есігім қашанда ашық. Келіп ойында­ғы­сын айтамын десе қабылдауға әзірмін. Сіз ақыры осы мәселеге араластыңыз, мүмкін ашық хатқа қол қойған бас дәрігерлерді сіз алып келерсіз. Осы менің кабинетімде сөйлесейік, пікір­лесейік, барлық кемшілікті сыртқа шығарғанша осы жерде айтсын.

… Біз денсаулық сақтау басқарма­сының бастығымен қол алысып, сол кісінің кабинетіне бас дәрігерлердің басын қосуға уәделесіп тарадық. Шынын айту керек, Жұмағали Қазыбай­ұлының дауды шешуге талпыныс жасауына, бас дәрігерлерге «арызқой­лар» деп мұрын шүйірместен ашық әңгімеге шақыруына іштей сүйсініп те қалдық. Бірақ, арадағы екі сағатта сол әсерімізден түк те қалмады. Біз бас­қарма бастығына түс қайта сағат төрттен кейін кіріп шықсақ, Ж.Исмайлов сағат алтыларда ашық хатқа қол қойған бас дәрігерлерге телефон шалып, психологиялық қысым жасап, тіпті сол күні облыстық қан орталы­ғының бас дәрігері С.Рахымбердиевті жұмысынан босатып та жіберді. Әрине, бұл бас дәрігерді қызметінен басқа себеппен босатты, бірақ, дәл сол күні кетуіне ашық хатқа қол қойғаны себеп болғаны айдан анық. Ал, ер­теңіне ашық хаттағы бірнеше бас дә­рігердің мекемелеріне басқарма жақ­тан тексерулер сау ете қалған. Сөйтіп, қазір ашық хатқа қол қойған бас дәрігерлердің тағдыры қыл ұшында тұр. Расында қызметтен кетудің келесі кезегі кімдікі? Басқарма бастығы бұл бас дәрігерлерді қызметтерінен қуып, барлығын басып-жаншып тастамай тоқтамайтын сияқты. Шынын айту керек, ашық хаттың дерегін тексереміз, әділдікке жетеміз деп біздің де ың­ғай­сыз жағдайда қалғанымыз рас. Әділ­дік іздеген тәжірибелі дәрігерлер­ді басты­ғына ұстап бергендей әрі-сәрі күйде қалды?. Сонда біздің қоғамда қолында билігі барлар қонышынан басып, құқын қорғап жүргендерді қызме­тінен «құрбандыққа» шалып жібере беретін болғаны ма? Міне, осылайша Жұмаға­ли Исмайловтың шын бет пер­десі ашылды. Қол алысып, уәде берген Ж. Исмайлов аяқ астынан айнып, бас дәрі­герлермен кездесуден неге бас тартты?­ Әлде басқарма бастығы қуыс­та­нып, бір нәрседен сескене ме? Қа­лай айт­сақ та Ж. Исмайловтың иман-парасатынан гөрі қолындағы билігіне қатты сенетіні, билігін қамшы сияқты оңды-солды жұмсайтыны байқалып қалды.

Жақында ғана құт-берекесі тасыған Түлкібаста «Ырыс алды – ынтымақ» форумы өтті. Осы іс-шарада облыс әкімі Асқар Мырзахметов парасатты пі­кірлер қозғап, байыпты бәтуаға келіп, елдің ынтымағын, бірлігін өріс­тету мәселесі туралы үлгі боларлық әңгіме айтты. Шынында Оңтүстік Қазақстан­ның әрбір тұрғыны ырыс алды – ын­тымақтың ту ұстаушысы екенін естен шығармау керек. Медицина саласы да бір ел, бір күш, үлкен сала. Ендеше, облыс әкімі Асқар Мырзахметов елді бірлікке шақырып, елдің ынтымағын ұйыстыруға жанталасып жүргенде оның командасындағы ден­саулық сақ­тау басқармасының басты­ғы Ж.Исмайлов басқаратын салада сол бірлік, ынтымақтың болмай тұрғаны қалай? «Бақ қайда барасың? Ынты­маққа барамын» дегенді Жұмағали Исмайловтың жадында сақтамағаны өкінішті-ақ…

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.