• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2019

Мемлекеттік мекемелер 61 миллиард теңгеге автокөлік сатып алған

1384 рет
көрсетілді

Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар 61,2 миллиард теңгеге автокөлік құралдарын сатып алған. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады. 

Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, орталық мемлекеттік органдар 24,9 миллиард теңгеге 2 807 механикалық автокөлік құралын, жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) 36,2 миллиард теңгеге 3 345 механикалық автокөлік құралын сатып алды.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің басқарма басшысы Нұрсәуле Тузубекованың айтуынша, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 32 пайызға аз. Қаржы министрлігінің дерегіне сай, мемлекеттік мекемелер автокөлік сатып алуға 2017 жылы 89,4 миллиард теңге жұмсаған. 

«Орталық мемлекеттік органдар 24 983,3 млн теңгеге 2 807 механикалық автокөлік құралдарын, жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) - 36 231,8 млн теңгеге  3 345 механикалық автокөлік құралдарын сатып алды», - деді Нұрсәуле Тузбекова.

Айта кетерлігі, автокөліктердің 36 пайызы отандық өндірушілерге тиесілі.