Қуғын-сүргін жылдары түрлі халықтар өз еріктерінен тыс Қазақстанда тап болды. Астана әкімдігінің ресми сайты Алғыс айту күні қуғын-сүргінге ұшыраған отбасылар туралы баяндайды.
Алла Когайдың әкесі әскери ұшқыш болды. Алайда оның маңдайына ұшу жазылмапты. 1936 жылы Павел Когай ұшқыштар училищесін бітіргеннен кейін ағасының соңынан Кеңес әскерінің кадр офицері болып халық жауы ретінде тұтқындалды. Қиыр Шығыстағы түрмеде Павел ату жазасын күтті. Алайда оны алдымен метеоролог ретінде жіберген шөлді аралда болды, ал 1937 жылдың соңында оны Владивостоктан Қазақстанға жер аударды.
Жер аударылмас бұрын ол өзінің өмірлік жолдасын, Алланың анасын жолықтырды. «Корей ұлтының қызын көрдім. Менімен барасың ба деп сұрадым. Ол келісті. Оның ешкімі жоқ еді», – дейді Алла Павловна Когай.
Алланың болашақ ата-анасын Ақташқа, Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданына жіберді (қазір бұл Өзбекстан аумағы). Алла дүниеге келді. Бірақ әкесі бірнеше ай бойы қызын көре алмады.
«Туғаннан кейін мен үш ай атаусыз, әкесіз болдым», – дейді Алла Павловна. Әкесі тауда метеоролог болып жұмыс істеді, ал анасы тау етегінде тұрды. Оған түсуге рұқсат берілмеген, себебі бұл қашықтық 30 шақырымнан артық болған, ал корейлерге олар қоныстанған жерден 30 километрден алыстауға рұқсат берген жоқ. Мен туған аурухананың орыс бас дәрігері барлық жерде: «Иә, бұл не қылған бассыздық?! Баласы дүниеге келді, адамға қызын көруге рұқсат берілмейді ме?», – деп наразылық танытты. Осылайша дәрігердің көмегімен әкесі Алланы бауырына басты.
Алланың анасы қызы төрт жаста болғанда көз жұмды. Отбасыға Талдықорған облысына қоныс аударуға рұқсат берді. Олар қоныстанған ұжымшар алдымен жай ғана «20-шы нүкте» деп аталды, ал кейін оған «Жаңа әлем» деген атау берілді.
«Әкесі әртүрлі салада жұмысшы болып жұмыс істеді. Біздің ешқайда шығуға құқығымыз жоқ, Үштөбе торапты станциясына дейін ғана жаяу жүре алдық. Сондай-ақ, ай сайын милицияға тіркеліп отырдық. Бала болсам да, мен де бардым. Мені Отанын сатқан адамның қызымын деп жазуға мәжбүр етті. Бір күні мен: «Бұл дұрыс емес, басымды кессеңдер де, жазбаймын», – дедім. Мен ол кезде он жаста болатынмын. Сонда мені тергеп отырған адам әкеме: «Қызыңыздың мінезін-ай!», – деді.
Колхозда ешкім оларды «жау», «сатқын» деп атаған жоқ. Алланың айтуынша, бастапқыда елді мекенде тек қазақтар мен жер аударылған кәрістер ғана тұрды. Бірақ бірте-бірте «Жаңа әлем» көпұлтты ауылға айналды.
«Біз алғашқылардың бірі блдық. Соғыс кезінде біздің ауылды ингуш, шешен, поляктар, түріктер, немістер мекен ете бастады. Олар бізге үнемі қол ұшын созып тұратын. Олардың арқасында біз тірі қалдық. Олар тұқыммен, нанмен, тағаммен, қолдарындағы бар нәрсесімен бөлісті. Өздері өте нашар өмір сүргендеріне қарамастан. барын аяған жоқ. Балаларды бірінші тамақтандырып, өздері қалғанын жейді. Колхоз төрағасы кәріс ұлтының жер аударылған өкілі болды. Даниил Федорович Хван, өте адал және адамгершілігі мол адам болатын», – дейді Алла Павловна.
Алла сегіз жылдан бері күріш алқабында жұмыс істеді. Күріш алқабында тек балалардың жұмыс істегенін еске алды. Таңғы сағат 8:00-ден кешке 18:00-ге дейін жұмыс істейтінбіз. Бірақ біз жұмысқа үйрендік, біз жеңіс үшін жұмыс істеуіміз керек деп есептедік. «Барлығы майдан үшін!» «Барлығы жеңіс үшін!». Сонда да балалық шағым жақсы өтті», – дейді Алла Павловна.
Алдымен тек әкесі мен қызы ғана бір шаңырақ астында өмір сүрсе, кейін оларға Аллина әжесі қосылды. Сондай-ақ, әкесі екінші рет үйленіп, «екінші анасы» пайда болды. Ал Павелдың үлкен ағасы кейін тірі болып шықты: ол Халкин-Голға соғысуға жіберіліп, кейін Фин соғысына аттанды. Ал 1941 жылы денсаулығына байланысты майданға алған жоқ. Алланың әкесі оқыған әскери ұшқыш болғанымен, майданға жіберілмеді.
Колхозда тек жеті жылдық мектеп болған, бірақ әкесі Алланың білім алғанын қалады. Көшуге рұқсат бергенде, Талдықорған қаласына кетіп, 10 сыныпты оқып, содан кейін Қостанай медучилищесін бітірді. Фельдшер болып, Ақтөбе облысындағы колхозда үш жыл жұмыс істеді. «Мен терапевт, хирург, акушер болдым. Қыста-шанада, жазда-машинада, Зил көлігін жүргіздім. Солай жүріп қазақ тілін үйрендім».
Целиноград ауданына Алла Когай 1964 жылы жұмыс іздеп келді. «Мұнда жұмыс жағы жақсы болды! Қанша күш бар, сонша жұмыс істеуге болады. Медициналық қызметкерлер жетіспеді. Мен «жедел жәрдем» фельдшері болып жұмыс істедім. 1-ші қалалық ауруханада 35 жыл еңбек еттім», – дейді ол.
Алла Павловна қалада осы жылы 30 жасқа толатын корей этнобірлестігін құруға ұйытқы болды.
«1989 жылы қалада Корей мәдени орталығы құрылғанда мен бірден сол жерге келдім. Біздің мәдениетіміз бен тарихымызға қатысты барлық нәрсе маған өте қызықты болды. Корейлердің дәл осындай жағдайға тап болғанына қынжылдым. Кейін зерттеп, бәрін білдім».
Алла Когай Александр Вонгайдан кейін Корей этномәдени бірлестігінің екінші төрағасы болған Василий Кимге тұрмысқа шықты. Алла Павловна мен Василий Харитонович Корей мәдени бірлестігінің хорын құрды.
Бүгін Алла Павловна бірлестіктің белсенді мүшесі болып қала береді. Онда «Ноин-Дан» ол қариялар қоғамын басқарады, онсыз бірде-бір маңызды шара өтпейді.
«Қазақстанда біз еркіндік алдық, Қазақстан біздің Отанымыз болды», – дейді қария.